Galaxy Line GL4170 [19/22] Пышақтар блогына 4 майлау үшін майдың 6 бірнеше тамшысын та

Galaxy Line GL4170 [19/22] Пышақтар блогына 4 майлау үшін майдың 6 бірнеше тамшысын та
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ұзындығын таңдаңыз. Шаштарды Сіздің шашты қандай ұзындықта қиғыңыз
келетініне байланысты өсу бағыты бойынша немесе шаштардың өсу бағы-
тына қарсы қиюға болады. Егер Сіз қысқарақ қиғыңыз келсе, шаштарды
олардың өсу бағытына қарсы қию қажет. Егер Сіз ұзын шаштарды қалды-
рғыңыз келсе, шаштарды олардың өсу бағыты бойынша қию қажет. Егер
Сіз ұзынырақ шаштарды қалдырғыңыз және төбешаштағы шаштардың
ұштарын ғана теңестіргіңіз келсе, шаштарды тарақпен немесе саусақтармен
көтеріңкіреңіз және машинканы шаштардың өсуіне қарсы жүргізе отырып,
шаштардың ұштарын қиыңыз.
7.2.5 Мойын сызықтары бойынша контур жасау
Саптама-тарақты (5) шешіңіз. Шаштарды негізден, мойынның бүйірлері-
нен және құлақтардың маңынан қиыңыз. Машинканы басқа тік бұрышта
ұстаңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
• Электр құралын электр қуат беру желісінен ажыратыңыз;
• Пышақтар блогын (4), корпусты (3), машинканы және саптама-тарақты
(5) тазалау үшін шөткенің (8) көмегімен шаштардың қалдықтарынан та-
залаңыз;
• Құралдың корпусын (3) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
• Құралды тазалаудан кейін әбден кептіріңіз;
• Пышақтар блогына (4) майлау үшін майдың (6) бірнеше тамшысын та-
мыңыз. Артық майды шүберекпен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жиынтыққа кіретін майды ғана қолданыңыз.
8.2 Ұсыныстар
• Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспау
керек. Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді ұсы-
нылады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана
тасымалдаңыз. Құрылғыны тасымалдаудан немесе төмендетілген темпера-
тура кезінде сақтаудан кейін оны бөлме температурасында екі сағаттан кем
емес уақыт ұстау керек. Сақтаудың және қайтадан пайдаланудың алдында
құралдың барлық бөліктерін тазалаңыз және толықтай кептіріңіз. Құралды
құрғақ салқын балалар мен жануарларға қолжетімді емес орындарда, +0-
тан +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның
салыстырмалы ылғалдылығында сақтау ұсынылады. Бұйымды тасымалдау,
тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ай-
тылғандардан басқа, келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің бұзылуы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;

Содержание

Похожие устройства

Скачать