Galaxy Line GL4168 [18/24] Жұмысқа дайындау

Galaxy LINE GL4168 [18/24] Жұмысқа дайындау
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол
бар болған кезде) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және т.б.)
қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін жерлерде
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде)
және электр құралының корпусындағы (7) бұйымның сериялық нөмірімен
жапсырманы міндетті түрде орнында сақтаңыз!
6.2 USB кабелді (10) толықтай тарқатыңыз;
6.3 USB кабелді (10) шаш қиюға арналған машинканың төменгі бөлігінде ор-
наласқан қуат беруші жалғағышқа (9), сосын желілік зарядтау құрылғысының
(жиынтықта жеткізілмейді) USB портына қоса отырып, электр құралының ак-
кумуляторын толықтай зарядтаңыз. Одан кейін желілік зарядтау құрылғысын
220-240 В ~ 50 Гц желісіне қосыңыз. Аккумулятор зарядының индикаторы (1)
қызыл түспен жанады. Заряд индикаторы (1) зарядтың пайызын көрсетеді.
Заряд пайызы «99» көрсеткенше дейін жанып-сөнетін боады. Бұл аккумуля
-
тордың толықтай зарядталғанын білдіреді;
Ескерту
1 — Егер құралды іске қосу кезінде аккумулятор зарядының индикаторы (1)
«00» мәнін көрсетсе, ал сосын құрал ажыратылса, бұл құралды зарядтау
қажеттілігін білдіреді;
2 — Үздіксіз жұмыс уақыты – 70 минутқа дейін;
3 — Аккумуляторды толық зарядтау кезеңі шамамен 2 сағатты құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші рет қолданудың алдында, зарядтың төмен
деңгейі кезінде, сонымен бірге ұзақ мерзімдік үзілістен кейін оны пайдалануға
беру кезінде электр құралының аккумуляторлық батареясын зарядтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын зарядтау уақытында қолданбаңыз.
6.4 USB кабелді (10) желіге қосылған желілік зарядтау құрылғысының (жиын-
тықта жеткізілмейді) USB портынан ажыратыңыз;
6.5 USB кабелді (10) электр құралының төменгі бөлігінде орналасқан қуат
беруші жалғағыштан (9) ажыратыңыз;
6.6 Құралдың корпусын (7) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.7 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды бірінші рет іске қосу кезінде иіс пайда болуы
мүмін. Ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды.
Іске қосудан кейін бірнеше минут өткен соң иіс жоғалады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать