KRAFT KR-100W [38/56] Қауіпсіздік талаптары

KRAFT KR-100W [38/56] Қауіпсіздік талаптары
38
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ТОҢАЗЫТҚЫШ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Өз қауіпсіздігіңіз үшін және тоңазытқышты дұрыс пайдалану үшін электр аспабын
орнату алдында және бірінші рет іске қосу кезінде осы нұсқаулықпен және барлық
ескертулермен танысып шығыңыз. Абайсыз істен шығуы мен жазатайым оқиғаларды
болдырмау үшін тұрмыстық техниканы пайдаланатын адамдардың қауіпсіздік техни-
касымен және тоңазытқышты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысқанына
көз жеткізу қажет. Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және оны тоңазытқыштың орны
ауыстырылғанда немесе қайта сатылғанда бірге беріңіз.
Сіздің өміріңізді және электр құралының пайдалану жағдайларын сақтау үшін осы
нұсқаулықтың барлық нұсқамаларын орындаңыз, өйткені өндіруші қателіктерден
туындаған істен шығуы мен залалдар үшін жауап бермейді.
Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Аспапты
орнатқаннан кейін қаптамалық материалдарды қауіпсіздік және қоршаған орта
жағдайларына сәйкес дұрыс тастаңыз.
Аспапты пайдаланбуды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Алғаш қосқан кезде аспапта бүліну белгілерінің жоқ екеніне, бұйымда көрсетілген
техникалық сипаттамаларына, электр желісінің параметрлеріне сәйкестігін
тексеріңіз.
Егер ол бүлінген болса, тоңазытқышты электр желісіне қоспаңыз. Бүлінгені туралы
тауарды сатқан дүкенге дереу хабарлаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырмаңыз.
Тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын, тасымалданғаннан кейін
компрессордағы май таралуы үшін кемінде 4 сағат күту қажет.
Сақтық шараларын қолданбау және қауіпсіздікті ұстанбау құралдың бүлінуіне,
күйіп қалуға, жарақаттануға, электр тогына соғылуға, қысқа тұйықталу немесе
өртке әкелуі мүмкін.
Тоңазытқышты бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір
өзгерістер енгізу тек білікті маманға тапсырылуы тиіс.
Тоңазытқышты тұрмыстық емес мақсаттарда (сынау материалдары, дәрілік
дәрмектер және т.б.) пайдалануға тыйым салынады. Бұл өрт, электр тогына соғылу,
сақталған өнімдердің бүлінуі немесе химиялық реакция сияқты күтпеген қауіпке
әкелуі мүмкін.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау немесе сақтық пен қауіпсіздік шараларын
сақтамау салдарынан туындаған бүліну белгілері үшін жауап бермейді.
Балалар мен әрекетке қабілетсіз адамдардың пайдалануы
Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның ішінде
8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты ересек
адамның қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға тоңазытқыш элементтерімен
ойнауға болмайды. Аспапты тазалауды балалар ересектердің қарауынсыз жүзеге асыр-
мауы тиіс.
Аспаптың қаптамасын балаларға бермеңіз.
Егер аспапты кәдеге жарататын болсаңыз, ашаны розеткадан алып, кабельді

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения