KRAFT KR-55W [39/56] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT KR-55W [39/56] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
39
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ТОҢАЗЫТҚЫШ
мүмкіндігінше құрылғы қабырғасына жақын етіп кесіңіз, сонымен қатар балалар
ойнап жүріп ішінде қамалып қалмауы немесе электр тогына соғылмауы үшін есігін
алып тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыштың желдеткіш саңылауларын ашық ұстаңыз,
оларды бүркемеңіз және бітеліп қалудан сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріту процесін жеделдету үшін өндіруші рұқсат
берген құралдардан басқа механикалық құрылғылар мен басқа да құралдарды
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыштың электр сымын бүлдірмеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер аспапты тоңазытқыш өндірушісі мақұлдамаған болса,
ондай электр аспаптарын тоңазытқыштың ішінде пайдаланбаңыз.
Тоңазытқыштың жанына және ішіне эфир, бензин, спирт, сұйытылған мұнай газы
(пропан-бутан), бүріккіштер немесе косметика сияқты жанғыш материалдарды
сақтамаңыз және пайдаланбаңыз. Бұл жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Тоңазытқыш жүйесіндегі салқындатқыш агент (R600, изобутан) -қоршаған ортамен
көбірек үйлесетін және қауіпсіз, бірақ жанғыш, жоғары қысыммен тұрған табиғи
газ.
Күйіп қалмас үшін және тұтануына жол бермеу үшін тоңзытқыштың қызып тұрған
бөліктеріне омпрессор, конденсатор) қолыңызды және заттарды тигізіп алмаңыз.
Тоңазытқышты тасымалдау және орнату кезінде салқындату жүйесінің
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
- от және тұтану көздерінен аулақ ұстаңыз;
- тоңазытқыш орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз, өйткені аспаптың айнала-
сындағы ауа айналымының жеткіліксіздігі оның қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
Баптауларды өзгерту және құрылғыны кез-келген түрде түрлендіру қауіпті бо-
луы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені бүлінгенде электр тогына
соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Бұл тоңазытқыш тұрмыстық және соған ұқсас мақсаттарда, мысалы:
- дүкендерде, кеңселерде және басқа да жұмыс орындарда персоналға арналған
асүй;
- қонақ үй, мотель және өзге де апартамент клиенттеріне арналған техника ретінде;
- кафетерийлер және бөлшек саудаға жатпайтын өзге мекемелер және дүкендер
желісінде пайдалануға арналған.
Тоңазытқыштың үстіне ауыр заттарды қоймаңыз. Есікті ашқан немесе жапқан кез-
де бұл заттар құлап, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Тоңазытқышты құлап кетпес үшін және жарақат немесе адам өліміне жол бермеу
үшін тегіс, қатты, құрғақ жерге қойыңыз.
Тоңазытқыштың жанында жылыту құралдарын қолдануға болмайды. Бұл өртке се-
беп болуы мүмкін.
Бүлінбес үшін майлардың және тоң майлардың (соның ішінде өсімдіктен алынған)

Содержание

Похожие устройства

Скачать