KRAFT KR-55W [40/56] Техникалық қызмет көрсету

KRAFT KR-55W [40/56] Техникалық қызмет көрсету
40
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ТОҢАЗЫТҚЫШ
тоңазытқыштың пластмасса бөлшектеріне түсуіне жол бермеңіз.
Тоңазытқышты желіден ажыратқаннан кейін оны қайта қоспас бұрын кемінде
5 минуттай күтіңіз. Керісінше жағдайда тоңазытқыш істен шығуы мүмкін.
Тоңазытқышты желіден ажырату үшін ашасынан ұстаңыз, желілік бауын тартпаңыз.
Ашаны розеткадан шығару үшін бауынан тарту электр тогына соғылуға, қысқа
тұйықталуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Барлық электрондық компоненттерді (аша, электр бауы,
компрессор және т.б.) тек сертификатталған сервис орталықтарында білікті мамандар
ғана ауыстырып орнатуы тиіс.
Аспапты жалғау үшін адаптерлер, ұзартқыштар және “үштіктерді” пайдаланбаңыз.
Электрмен қоректендіру бауын бүлдірмеңіз, бұрамаңыз, майыстырмаңыз, ұзартуға
болмайды. Оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
Ашасы бүлінбегеніне және майыспағанына көз жеткізіңіз. Жарамсыз аша қызып,
өрттің пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Ашасын дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Ашаны әбден құрғатыңыз, оны шаңнан
тазартып, розеткаға абайлап тығыңыз. Шаң, су немесе түйіспенің әлсіз болуы
өрттің туындауына немесе электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
Бөлек розетканы пайдалану керек. Бірнеше аспап үшін бір розетканы пайдалану
тұтанудың туындауына әкелуі мүмкін.
Тоңазытқыш жерге қосылуы тиіс. Жерге қосуды дұрыс орындамау бұйымның
істен шығуына немесе электр тогымен жарақаттануға әкелуі мүмкін. Егер
тоңазытқыштың шамы жанып кеткен болса, аспапты дұрыс пайдалану үшін бұл
ақауды жою қажет.
Тоңазытқыш ауыр. Жылжыту кезінде қауіпсіздік шаралары сақталуы керек. Аспап-
ты есігінен ұстап жылжытпаңыз, ілмектері тоңазытқыштың салмағына есептелме-
ген, сынуы мүмкін.
Мұздатқыштағы өнімдерді және мұздатқыштың бөлшектерін дымқыл немесе
ылғалды қолмен ұстамаңыз, үсік шалуы және тері зақымдалуы мүмкін.
Тоңазытқышқа ұзақ уақыт күн сәулесінен аулақ болыңыз.
Тоңазытқыштың пластик тетіктерін қыздырмаңыз.
Азық-түлікті тоңазытқыштың артқы қабырғасына тигізбеңіз. Мұздатылған өнімдер
ерігеннен кейін қайта мұздатылмауы керек. Мұздатылған өнімдерді азық-түлік
өндірушілердің сақтау жөніндегі нұсқауларына сәйкес сақтаңыз.
Газдалған сусын бөтелкелерін мұздатқышқа салмаңыз, өйткені сұйықтық қатып
қалған кезде ыдыстағы қысым жоғарылап, жарылып, тоңазытқыштың мұздатқыш
камерасы бүлінуі мүмкін.
Мұздатқыштан алынған бойда тұтынылған мұз теріге зақым келтіруі және үсіруі
мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Ақаулар туындаған жағдайда тоңазытқышыңыздың моделін және пайда болған ақау
түрін көрсете отырып, дереу авторизацияланған сервис орталығына жүгініңіз. Білікті

Содержание

Похожие устройства

Скачать