Galaxy Line GL4637 [17/21] Жұмысқа дайындау

Galaxy Line GL4637 [17/21] Жұмысқа дайындау
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол бар
болған кезде) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және т.б.)
қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін жерлерде
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде) және
электр құралының тұтқасындағы (4) бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы
міндетті түрде орнында сақтаңыз!
6.2 Қуат беруші баусымды (9) толықтай тарқатыңыз;
6.3 Құралдың тұтқасын (4) және жұмыс бетін (2) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.4 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды бірінші рет іске қосу кезінде иіс пайда болуы
мүмін. Ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды.
Іске қосудан кейін бірнеше минут өткен соң иіс жоғалады.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы ұсыныстар
Шаш бұйралағышты қолданудың алдында шаштарды сусабынмен жуыңыз және
оларды кептіріңіз. Құралды тек құрғақ шаштарға ғана қолданыңыз.
7.2 Бұрымдар жасау
• Қуат беруші баусымның ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз. Дисплей
(5) «OFF» мәнін көрсетеді;
Іске қосу/сөндіру батырмасын (7) басып және ұстап тұрып құралды іске
қосыңыз. Дисплей (5) алдымен орнатылған қызу температурасын, сосын
ағымдықты көрсетеді;
• Температураны реттеу батырмаларының (6) көмегімен Сіздің шашыңыздың түрі
үшін жарайтын температураны орнатыңыз;
Ескерту – Қызу температурасының ауқымы 10°С қадамымен 120°С-тан 200°С-
қа дейін;
3-ші кестеде шаштардың әртүрлі түрлері үшін стайлердің қызу температурасын
таңдау бойынша ақпарат ұсынылған. Аталған ақпарат ұсынушылық сипатқа ие,
және температура өз қалауыңыз бойынша таңдала алады;
3 Кесте
Шаштардың түрі Ұсынылатын температура
Жұқа 120-150°С
Қалыпты 150-180°С
Қою 180-200°С

Содержание

Похожие устройства

Скачать