Galaxy Line GL4637 [18/21] Құрал дисплей 5 таңдалған қызу температурасын көрсеткен кезде жұмысқа

Galaxy Line GL4637 [18/21] Құрал дисплей 5 таңдалған қызу температурасын көрсеткен кезде жұмысқа
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
• Құрал дисплей (5) таңдалған қызу температурасын көрсеткен кезде жұмысқа
дайын болады;
• Сәнге келтірудің алдында шаштарды тараңыз және оларды жеке тұтамдарға
бөліңіз;
Ескерту – Жеке тұтамдарды бекіту қолайлылығы үшін шаш қыстырғыштарды
немесе қысқыштарды қолдануға болады.
Біртіндеп тығыз бұрым жасай отырып, тұтамды абайлап жұмыс бетіне (2)
ораңыз;
Ескертулер
1 Бұрымға пішін беру үшін шамамен 10 сек талап етіледі;
2 Қызып кетудің нәтижесінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін шаштарды
құралдың жұмыс бетінің (2) арасында ұзақ ұстамаңыз;
3 Оңтайлы нәтиже үшін шаш тұтамдары шамамен 2.5 см болулары керек. Қатты
бұрымдарды жасау үшін шағын тұтамдарды, еркінірек тұтамдар үшін – кеңірек
шаш тұтамдарын қолданыңыз;
4 Жұмыс беті (2) шаштардың ұштарына мүмкін болғанша жақынырақ болуы керек,
бірақ бұл ретте бастың терісіне жанаспау керек;
5 Қолайлылық үшін шаш бұйралағышты ұштықтан (1) ұстаңыз.
• Тұтамды ширатыңыз;
• Қалған шаш тұтамдарына осы рәсімді аналогтік түрде қайталаңыз;
Ескерту Олар суығанша дейін шашты сәндеуден кейін шаштарды бірден
тарамаңыз.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін құралды ажырату үшін іске қосу/сөндіру батырмасын
(7) басыңыз және ұстап тұрыңыз. Дисплей (5) «OFF» мәнін көрсетеді;
Ескерту – Автоажырату атқарымы 1 сағат үздіксіз жұмыстан кейін іске қосылады.
• Қуат беруші баусымның (9) ашасын электр желісінен шығарыңыз. Дисплей
(5) ажыратылады;
• Құралды жылуға төзімді бетке қойыңыз және оны толықтай суытыңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
• Қуат беруші баусымның (9) ашасын электр желісінен шығарыңыз, құралды
суытыңыз;
• Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
• Тазалаудан кейін құралды әбден кептіріңіз.
8.2 Ұсыныстар
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз.
Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді ұсынылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать