Scarlett SC-GS135S40 [7/8] Xx xxxx пішімінде көрсетілген мұндағы алғашқы екі сан xx жасап шығарылған айы келесі төрт сан xxxx жасап шығарылған жылы

Scarlett SC-GS135S40 [7/8] Xx xxxx пішімінде көрсетілген мұндағы алғашқы екі сан xx жасап шығарылған айы келесі төрт сан xxxx жасап шығарылған жылы
IM023
www.scarlett.ru SC-GS135S40
7
Қоректену бауы не шаңышқысы зақымдалған, құлап түскен немесе басқа зақымдары бар
құралды қолданбаңыз. Электр тоғының ұруына тап болмау үшін өздігінен талдауға және
жөндеуге талпынбаңыз, қажет болса сервис орталығына барыңыз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін қондырманы тек аспап жұмыс істемей тұрғанда және суығанда
орнату керек.
ЕСКЕРТУ! бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің
жоғарғы жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тесіктерден шығатын ыстық буға күйіп қалуды болдырмас үшін булау кезінде аспапты
денеден алшақ ұстаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Су құятын сауытты бекітетін батырманы басу арқылы сауытты ағытып алыңыз.
Су құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты орнына салыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
Аспапты тік қалпында ұстап тұрып бір қолыңызға алыңыз да, екінші қолыңызбен аспапқа шөткені
кигізіп, сырт еткенге дейін бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін шөткені тек аспап жұмыс қалпында тұрмаған кезде және суығанда
ғана орнату керек.
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз, бұл орайда жарық индикаторы жанады. Қызу индикаторы
сөнген кезде, үтік қажетті температураға дейін қызады.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
Қолмен басқарылатын бумен тегістегіш аспапты пайдалану оңай және ол киімдегі, перделердегі,
сондай-ақ жиһаздағы қатпарларды жазу үшін тамаша жарайды.
Аспапты матаның барлық түрлеріне, зауыттық затбелгіге сәйкес пайдалануға болады.
Мақта мен зығырды немесе жүн мата мен жібекті таңдау үшін басқару тақтасындағы тиісті
түймені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Металл әшекейлердің айналасындағы матаны бумен тегістемеген дұрыс.
Бу шығаратын батырманы басып ұстап тұрыңыз. Ыстық бу 25 секундтан кейін беріле бастайды.
Бу үздіксіз берілуі үшін бу беретін батырманы басыңыз да, сырғытыңыз.
Асып төгілуден қорғау – аспап оңтайлы қызған күйге жетпейінше, сорғы су беруді бастамайды.
Бумен тегістегішті матаға 5 см-ден аспайтын жерден жақындатыңыз да, жоғары-төмен
қозғалтыңыз.
Бумен тегістеу кезінде дырылді сезесіз және ызылдаған жіңішке дыбысты естисіз.
Бу берілуін тоқтату үшін бу шығаратын батырманы босатыңыз.
ЕСКЕРТУ: бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің
жоғарғы жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Су құятын сауытты ағытып алыңыз да, суды шұңғылшаға төгіңіз.
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бумен тегістегіш аспаптан шөткені шешіп алыңыз.
Сыртқы жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды немесе еріткіштерді қолдануға болмайды.
Бумен тегістегіш аспапты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде немесе күн сәулесі тура түсетін жерлерде сақтауға
болмайды.
Бу шығатын саңылаулардың таза екенін әрқашан тексеріп тұрыңыз.

Содержание

Скачать