Centek CT-1747 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/24] 810060

Centek CT-1747 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/24] 810060
8
тұтқасынан тартпаңыз. Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде
бүлінген есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу иесінің
есебінен жүзеге асырылады.
4.1. ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен конденсаторы қызады,
сондықтан бұйымның жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету қажет.
Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-жайда орна-
тылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда, мысалы,
жуынатын бөлмелерде, жертөлелерде орнатуға тыйым салынады.
Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін бұйымның екі жағынан (3-5
см) және үстінен (10 см) бос орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Бұйымның
артындағы ауа қозғалысын жауып тастамаңыз.
Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға немесе жылу
көздерінің (ас үй плиталары, тұмшапеш, каминдер) қасына орнатуға бол-
майды.
4.2. ТҮЗУЛЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне түзу орналасуы маңызды.
Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан кейін, оның алдыңғы жағындағы
қажетті қалпын реттеу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай
көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
4.3. ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1 класқа сәйкес келеді
және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті розетканың көмегімен электр
желісіне қосылады. Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтайшада
көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің қуат беру
кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына (жалғағыш сым 10 A кем
емес токқа есептелуі тиіс);
розетка мен аша бір типті болуы тиіс; егер аша розеткаға сәйкес келмесе,
розетканы қоректендіргіш баудың ашасына сәйкес келетін басқасымен ау-
ыстыру керек (жұмыстарды білікті электрик орындауы тиіс).
Тоңазытқыш розеткаға өтетін жолды бөгемей орнатылуы тиіс. Осы нұсқаулықта
баяндалған қуаты үлкен тұрмыстық бұйымдардың қауіпсіздік талапта-
рын бұза отырып қосылған тоңазытқыш қауіпті болуі мүмкін. Орнатудың
көрсетілген нормаларын бұзу салдарынан денсаулыққа және мүлікке
келтірілген зиян үшін өндіруші жауап бермейді.
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1. ҚОСАР АЛДЫНДА
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін үш сағаттан соң қосу
керек. Осылайша салқындатқыш агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде та-
ралады - бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Тоңазытқышты
электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ғана оған өнімдерді
қоюға болады. Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға
арналған кергіштерді, сондай-ақ бұйымның жылжымалы бөліктерін ығысудан
қорғайтын басқа кергіштер мен желімді таспаларды алып тастаңыз. Егер
бұйымның полимер қабықтан жасалған қорғаныш жабыны бар болса, оны
тетіктердің лак-бояу немесе полимер жабынын зақымдамау үшін сақтық ша-
раларын сақтай отырып, алып тастаңыз.
5.2. ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
ДИСПЛЕЙ
Тоңазытқыш қосылған кезде дисплей экраны 3 секунд ішінде көрсетіледі.
Бұл кезде іске қосу сигналы естіліп, содан кейін экран стандартты операция
көрсету режиміне өтеді.
Тоңазытқышты алғаш қолданған кезде тоңазытқыш камерасының темпера-
турасы 4 °С, мұздатқыш температурасы -18 °С құрайды.
Қате пайда болған кезде дисплейде қате коды көрсетіледі (қате кодтарының
кестесін қараңыз). Қалыпты жұмыс кезінде дисплейде тоңазытқыш және
мұздатқыш камераның белгіленген температурасы көрсетіледі.
Қалыпты жағдайларда, егер 30 секунд ішінде дисплей панелінде ешқандай
әрекет орындалмаса немесе есік ашылмаса, дисплей бұғатталып, «
»
бұғаттау индикаторы сөнеді.
БҰҒАТТАУ/БҰҒАТТАН ШЫҒАРУ
Бұғаттан шығарылған күйде бұғаттау батырмасын (11) 3 секунд басып
тұрыңыз,
индикаторы сөнеді, дыбыстық сигнал естіледі - бұл ди-
сплей панелі бұғаттаулы екенін, қазіргі уақытта бұйымды басқару мүмкін
еместігін көрсетеді.
Бұғатталған күйде бұғаттау батырмасын (11) 3 секунд басып, ұстап тұрыңыз,
индикаторы жанады, дыбыстық сигнал естіледі - бұл дисплей панелі
бұғаттан шығарылғанын, қазіргі уақытта бұйымды басқаруға болатынын
көрсетеді.
ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАПТАУ
Тоңазытқыш камераның температуралық аймағын таңдау үшін ТЕМР. SELECT
(8) батырмасын басып, содан кейін тоңазытқыш камераның температурасын
реттеу үшін
немесе батырмаларын басыңыз. Тоңазытқыш камераның
температурасын баптау диапазоны 2 °C ~ 8 °C аралығын құрайды.
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАПТАУ
Мұздатқыш камераның температуралық аймағын таңдау үшін ТЕМР. SELECT (8)
батырмасын басып, содан кейін мұздатқыш камераның температурасын реттеу
үшін
немесе батырмаларын басыңыз. Мұздатқыш камераның темпера-
турасын баптау диапазоны -24 °C ~ -16 °C аралығын құрайды.
ТЕМПЕРАТУРАСЫ РЕТТЕЛЕТІН КАМЕРАДА ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Камерадағы (4) берілген температураны реттеу үшін VARIO TEMP батырмасын
(10) басыңыз. Қажетті температура режимін (жемістер/көкөністер, сусындар, ет)
таңдау үшін бірнеше рет басыңыз.
«СУПЕРОХЛАЖДЕНИЕ/СУПЕРСАЛҚЫНДАТУ» ЖӘНЕ «СУПЕРЗАМОРОЗКА/
СУПЕРМҰЗДАТУ» РЕЖИМДЕРІН БАПТАУ
Суперсалқындату режимін белгілеу: тоңазытқыш камерадағы температу-
ра 2 °C мәніне орнатылғаннан кейін, суперсалқындату режиміне өту үшін
температураны төмендету батырмасын басыңыз. Суперсалқындату
режимінде тоңазытқыш камерадағы температура автоматты түрде 2 °C
мәніне қойылады.
Суперсалқындату режимінен шығу: суперсалқындату режимінен шығу
үшін
температураны жоғарылату батырмасын басыңыз немесе 6
сағаттан кейін автоматты түрде шығуды күтіңіз. Суперсалқындату
режимінен шыққаннан кейін тоңазытқыштағы температура автоматты түрде
суперсалқындату режимін қоспас бұрын болған температураға оралады.
Супермұздату режимін белгілеу: мұздатқыш камерадағы температура -24 °C
мәніне орнатылғаннан кейін, супермұздату режиміне өту үшін
температу-

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 2

Настройка температуры
1 год назад