Centek CT-8640 [12/40] Берілмейді сондай ақ бейнені тым ашық етудің қажеті жоқ бейне тұрақты

Centek CT-8640 [12/40] Берілмейді сондай ақ бейнені тым ашық етудің қажеті жоқ бейне тұрақты
12
Құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін балалар бақылауда болуы керек.
ЕСКЕРТПЕ:
- Теледидарды көрсетілген диапазоннан жоғары қуат көзіне қоспаңыз.
- Сыртқы құрылғыға қосылмас бұрын алдымен теледидар мен сыртқы құрылғы-
ның ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Қоспас бұрын штекерлер мен ағытпалардың
атауы мен түсінің сәйкестігін тексеріңіз.
- Қуат сымын ажыратқан кезде ашаның оқшауланған бөлігін ұстаңыз, металл
бөлігіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
- Бұл өнімді кәдеге жарату жергілікті ережелерге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл
өнімді жалпы тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға тастамаңыз.
- Кейде экранда бірнеше белсенді емес пикселдер бекітілген көк, жасыл немесе
қызыл нүкте ретінде пайда болуы мүмкін. Бұл сіздің өніміңіздің жұмысына әсер
етпейтінін ескеріңіз.
- Экранға қол тигізбеңіз, саусақтарыңызбен ұзақ уақыт ұстамаңыз. Бұл экранда
уақытша бұрмалану әсерін тудыруы мүмкін.
- Экранда ұзақ уақыт бойы қозғалмайтын (статикалы) бейнені ұстап тұруға кеңес
берілмейді, сондай-ақ, бейнені тым ашық етудің қажеті жоқ: бейне тұрақты
татикалы) болған кезде жарықтылық пен контрастты азайтыңыз.
2. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
- Теледидар - 1 дана
- Қашықтан басқару пульті (қашықтан басқару құралы) - 1 дана
- ҚБП батареясы - 2 дана
- Алынатын аяқшасы - 2 дана
- Бұранда - 4 дана
- Пайдаланушы нұсқаулығы - 1 дана
3. МОНТАЖДАУ
Аяқтарын орнату
1. Қорапты ашып, жабдықтарымен бірге теледидарды шығарыңыз.
2. Теледидардың бүлінуіне жол бермеу үшін үстелді жұмсақ шүберекпен жа-
уып, экранды төмен қаратып үстелге қойыңыз.
3. Аяқтарды теледидар корпусындағы тиісті ойықтарға бұрап кіргізіңіз.
4. Аяқтарды орнату аяқталды.
Теледидарды қабырғаға монтаждау
1. Теледидарды сызылып қалмас үшін жұмсақ шүберек жабылған үстелге
абайлап қойыңыз.
2. Тұғырдың төменгі бағанасындағы бұрандаларды бұрағышпен ағытып
алыңыз. Тұғырын шешіп алыңыз. Бұл операцияларды абайлап орындаңыз.
З. Кронштейнді қабырғаға 3 және 4-суреттерге қарап орнатыңыз.
4. Қабырғадан 4 тесік бұрғылап тесіп (анықтама үшін масштабы берілген),
оларға 4 болтты бұрап кіргізіңіз.
5. Болттарды 4-суретте көрсетілгендей теледидардың артқы жағына бекітіңіз.
Теледидарды қабырғаға орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
1. Теледидарды монтаждауға арналған бекіткіш VESA стандартына сәйкес
келеді.
2. Қабырғаға кронштейнді пайдалану қажет емес.
3. Қабырғада және қабырғаға жақын жерде жинау жұмыстарын жүргізу
кезінде айналада басқа заттар болмауы керек.
4. Орнатуды білікті маман жүзеге асыруы тиіс.
5. Монтаждау кезінде кронштейн пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптары
орындалуы тиіс.
6. Суреттер тек анықтама үшін келтірілген.
Тіреусіз өлшемі (мм) 898х515
Тұғыры бар өлшем (мм) 898х560
A (мм) 898
B (мм) 560
C (мм) 515
D (мм) 83
E (мм) 47
F (мм) 180
G (мм) 886

Содержание