LG Optimus G Pad 8.3 V500 White Инструкция по эксплуатации онлайн [243/446] 98578

LG Optimus G Pad 8.3 V500 White Инструкция по эксплуатации онлайн [243/446] 98578
17
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1 Өнімде осы дөңгелегі бар үстінен сызылған себет таңбасының
болуы оның 2002/96/EC Еуропалық директивасының талаптарына
сай екенін білдіреді.
2 Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3 Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және адам
денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға
көмектеседі.
4 Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала
әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді сатып
алған дүкеннен алуға болады.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1 Өнімнің батареяларына/аккумуляторларына осы үсті сызылған
дөңгелекті себет таңбасының жапсырылуы олардың 2006/66/EC
Еуропа директивасының талаптарына сәйкес келетінін білдіреді.
2 Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий 0,002 %
немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық болса, бұл таңбамен
бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық
таңбалары берілуі мүмкін.
3 Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген
арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
4 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп
төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
5 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы
толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен
немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға болады.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения