LG Optimus G Pad 8.3 V500 White [280/446] Есептік жазба қалталарымен жұмыс істеу

LG Optimus G Pad 8.3 V500 White [280/446] Есептік жазба қалталарымен жұмыс істеу
54
Есептік жазба қалталарымен жұмыс істеу
Эл. пошта қолданбасын ашып, Мәзір пернесін түртіңіз және
Папкалар түймесін таңдаңыз. Әр тіркелгінің Кіріс жәшігі, Шығыс жәшігі,
Жіберілген және Жобалар қалталары бар. Есептік жазбаның қызмет
провайдері қолдайтын мүмкіндіктерге байланысты қосымша қалталар
болуы мүмкін.
Электрондық пошта хабарын жасау және
жіберу
Хабарды жасау және жіберу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1 Электрондық пошта қолданбасында Жазу опциясын түртіңіз.
2 Хабардың мақсатты алушысының мекенжайын енгізіңіз. Мәтінді
енгізіп жатқанда контактілер ішінен сәйкес мекенжайлар ұсынылады.
Бірнеше мекенжайды енгізгенде, үтірлі нүктемен бөліңіз.
3 Көшірме/жасырын көшірме қосу үшін Мәзір пернесі түртіп, қажет
болған жағдайда файлдарды тіркеу үшін Еңгізу тармағын түртіңіз.
4 Тақырыпты және хабарды енгізу
5 Хабарды жіберу үшін Жіберу опциясын түртіңіз.
Желіге қосылмаған болсаңыз, мысалы, ұшақ режимінде жұмыс істеп
жатсаңыз, сіз жіберген хабарлар желіге қайта қосылғанша «Шығыс
жәшігі» қалтасында сақталады. Егер онда қандай да күтудегі хабарлар
бар болса, «Шығыс жәшігі» қалтасы Есептік жазбалар экранында
көрсетіледі.
КЕҢЕС! Кіріс жәшігіне жаңа электрондық хабар келгенде, сізге
дыбыспен немесе вибрациямен хабарланады. Ескертулерді алуды
тоқтату үшін электрондық пошта ескертуін түртіңіз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения