LG Optimus G Pad 8.3 V500 White [259/446] Түрту және ұстап тұру

LG Optimus G Pad 8.3 V500 White [259/446] Түрту және ұстап тұру
33
Түрту және ұстап тұру
Экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша саусағыңызды
көтермей, түртіңіз және ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді
опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде
контактіні түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу
Элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен,
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын
ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Жанап өту немесе сырғыту
Жанап өту немесе сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты
экранда тез жылжытыңыз (осылайша элементті сүйремейсіз). Мысалы,
экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я
болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі
экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту
Веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы,
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін
сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Сондай-ақ, сурет түсіргенде
(камераны пайдаланып) және Карталар бағдарламасын пайдаланғанда
үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге болады. Сөзді белгілеу үшін
оны екі рет түртіңіз. Екі рет түрту сондай-ақ сенсорлық экранды қосатын
немесе өшіретін KnockON функциясын белсендіруі мүмкін.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения