Galaxy LINE GL 2814 элемент питания типа CR2032, ЖК-дисплей 7021128140 [16/21] Бейнеленеді ингредиенттердің жалпы салмағын таразы салмағын есе

Galaxy LINE GL 2814 элемент питания типа CR2032, ЖК-дисплей 7021128140 [16/21] Бейнеленеді ингредиенттердің жалпы салмағын таразы салмағын есе
KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Қуат
беру элементіне арналған бөліктің қақпағын ашыңыз. Қуат беру элементін
орнатыңыз. Бөліктің қақпағын жабыңыз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Таразыны тегіс, орнықты көлденең бетке орнатыңыз. Таразыны қосу үшін
«ҚОСУ/ЫДЫС» батырмасын басыңыз, бірнеше секундтан кейін дисплейде
0g (0.0 oz, 0.000 lb, 0 ml) мәні бейнеленеді. «ӨЛШЕМ» батырмасын баса
отырып, өлшім бірлігін таңдаңыз: грамм (g), унция (oz), фунт (lb), милли-
литрлер (ml). Өнімдерді өлшеу үшін таразыға қойыңыз. Дисплейде өнімнің
салмағы бейнеленеді. Таразыдан өнімдерді алып тастаңыз. Таразы біраз
уақыттан кейін автоматты ажыратылады. Батерея зарядын үнемдеу үшін
Сізге «ҚОСУ/ЫДЫС» батырмасын басу арқылы таразыны қолмен қосуды
ұсынамыз.
7.1 Таразыны қолданумен өлшеу
Таразыны іске қосыңыз және оған салмақты орнатыңыз. Дисплейде оның
салмағы бейнеленеді. Дисплейдегі мәнді «ҚОСУ/ЫДЫС» батырмаларының
көмегімен нөлдеңіз. Өнімдерді өлшеу үшін ыдысқа орналастырыңыз, дис-
плейде олардың салмағы бейнеленеді. Өнімдерді таразыдан алыңыз. Та-
разы біраз уақыттан кейін автоматты түрде сөнеді.
7.2 Бірнеше ингредиенттерді өлшеу
Таразыны қосыңыз және оған ыдысты орнатыңыз.Дисплейде ыдыс
салмағы бейнеленеді. Дисплейдегі мәнді «ҚОСУ/ЫДЫС» батырмаларының
көмегімен нөлдеңіз. Бірінші ингредиентті ыдысқа орналастырыңыз, дис-
плейде ингредиенттің салмағы бейнеленеді. Дисплейдегі мәнді «ҚОСУ/
ЫДЫС» батырмасының көмегімен нөлдеңіз. Дисплейде «ТARE» мәні пай-
да болады. Бірінші ингредиентті ыдысқа орналастырыңыз, дисплейде
ингредиенттің салмағы бейнеленеді. Дисплейдегі мәнді «ҚОСУ/ЫДЫС»
батырмасының көмегімен нөлдеңіз. Екінші ингредиентті бірінші ингреди-
ент салынған ыдысқа орналастырыңыз, дисплейде екінші ингредиенттің
салмағы бейнеленеді. Дисплейдегі мәнді «ҚОСУ/ЫДЫС» батырмасының
көмегімен нөлдеңіз. Ыдысқа кезекті әрбір ингредиентті қосудың алдын-
да таразыны нөлдеп отырыңыз. Таразыдан ыдысты алып тастаңыз. Дис-
плейде «—/TARE» белгісі және барлық ингредиенттердің жалпы салмағы
бейнеленеді. Ингредиенттердің жалпы салмағын таразы салмағын есеп
-
ке алмай алу үшін ыдысты таразыға орнатыңыз және оны іске қосыңыз.
Ыдысқа ингредиенттерді қосыңыз, әрбір қосудың алдында дисплейдегі
мәнді нөлдеп отырыңыз. Ыдыстың өзін қалдыра отырып, таразыдағы
ингредиенттерді алып тастаңыз. Дисплейде тек ингредиенттердің салмағым
ғана бейнеленеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать