Bosch PMF 250 CES 0.603.102.120 [64/136] Техникалық күтім және қызмет

Bosch PMF 250 CES 0.603.102.120 [64/136] Техникалық күтім және қызмет
64 | Қaзақша
1 609 92A 1G3 | (20.1.16) Bosch Power Tools
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау,
ажырату және тегістеу үшін “6” тербелу саны басқышы, ал
пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін “4” тербелу
саны басқышы ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Электр құралының желдеткіш саңылауын 4
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр құралының
пайдалану мерзімі қысқарады.
HCS аспаптарымен жұмыс істеу кезінде аспаптар бояуы
зақымдалмаған болуына көз жеткізіңіз.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 реттей 2,8° тербеледі. Бұл қолайсыз, тар
жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен жұмыс
істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде жан-
жаққа жылжытыңыз, сонда алмалы-
салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
Аралау
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон және т.б.
сияқты жұмсақ материалдарды өңдеу қажет!
HCS ара полотноларымен ағаш, ЖАТ, құрылыс
материалдарын т.б. аралаудан алдын шеге, бұранда т.б.
сияқты бөгде денелердің жоқтығын тексеріңіз. Қажет
болса бөгде денелерді алып тастаңыз немесе биметалды
ара полотноларын пайдаланыңыз.
Кесу
Ескертпе: Қабырға плиткаларын кесу барысында алмалы-
салмалы аспаптар ұзақ пайдаланудан да тозатындығын
есте сақтаңыз.
Ажарлау
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу дискін
таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші
арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Бұрыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу
үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын
пайдалану керек.
Нүктелі тегістеуде диск қатты қызып кетуі мүмкін. Тербелу
саны мен қысымды азайтып тегістеу дискін жүйелі түрде
суытыңыз.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
Қыру
Қыру үшін жоғары тербелу басқышын таңдаңыз.
Жұмсақ тіректе (мысалы ағашта) жалпақ бұрышта және аз
қысымбен жұмыс істеңіз. Әйтпесе қырғыш қатты кесіп
кетуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Бүдірлі алмалы-салмалы аспаптарды (жабдықтар) жүйелі
түрде сымды қылшақпен тазалаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
OBJ_BUCH-2755-002.book Page 64 Wednesday, January 20, 2016 2:16 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать