Sharp черный/графит KIN41RH 64942940 [28/68] Ескерту

Sharp черный/графит KIN41RH 64942940 [28/68] Ескерту
ҚА-3
ҚАЗАҚША
отыру қажет. Құрылғы пайдаланбаған
кезде, Суға арналған бактан жəне
Ылғалдандыру табандығынан суды
ағызып алыңыз. Суға арналған бактағы
немесе Ылғалдандыру табандығындағы
су зең, бактериялар жəне жағымсыз иістің
пайда болуына əкеп соқтыруы мүмкін.
Сирек жағдайда мұндай бактериялар
денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Егер құрылғы радио немесе телесигналды
қабылдауға кедергі келтіретін болса, не
істеу керек
Егер ауа тазартқыш радио немесе
телесигналды қабылдауға кедергі
келтіретін болса, онда келесі іс-
əрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін
орын-даңыз:
Қабылдау антеннасын баптаңыз
немесе орналасу күйін ауыстырыңыз.
Құрылғы жəне радиоқабылдағыш пен
теледидар арасындағы қашықтықты
ұлғайтыңыз.
Жабдықты радиоқабылдағыш немесе
теледидар қосылған тізбектен өзге
жердегі тізбекке іске қосыңыз.
Дилерге немесе теле- жəне радиожабдық
бойынша білікті техникке жүгініңіз.
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Кіру жəне шығу тесігін жаппаңыз.
Құрылғыны пеш немесе қыздырғыш
сияқты ыстық заттардың немесе ол
бумен жанасуы мүмкін орындардың
жанына немесе солардың үстіне
қоймаңыз.
Құрылғыны үнемі тік күйінде пайдаланңыз.
Құрылғыны жұмыс істеп тұрған кезде
орнынан қозғамаңыз.
Құрылғыны дөңгелекшелері арқылы
орнынан қозғамаңыз немесе бағытын
өзгертпеңіз.
Егер құрылғы нəзік еден жабынында,
тегіс емес үстіңгі бетте немесе түгі
қалың кілемде тұратын болса, оның
орнын ауыстырған кезде, сəл көтеріңіз.
Құрылғыны дөңгелекшелері арқылы
көлденең бағытта баяу жылжытуға
болады.
Орнын ауыстырған кезде, құрылғыны
сөндіріңіз жəне саусақтарыңызды
қысып алмай, Суға арналған бакты
ұқыптап алып шығыңыз.
Құрылғыны сүзгілер, Суға арналған
бак немесе Ылғалдандыру табандығы
дұрыс орнатылмаған жағдайда,
пайдалануға тыйым салынады.
НЕРА-сүзгіні жəне Иіссіздендіретін
сүзгіні жумаңыз жəне екінші рет
пайдаланбаңыз. Бұл сүзгінің жұмысын
жақсартпайды жəне электр тоғымен
зақымдалуға немесе жұмыстағы
ақауларға əкеп соқтыруы мүмкін.
Сыртқы бетін тек жұмсақ матамен
ғана тазалаңыз. Ұшпа сұйықтықтарды
немесе жуу құралдарын
пайдаланбаңыз. Бояуға арналған
бензин сұйылтқышты немесе
өңдеу ұнтағын пайдаланған кезде,
құрылғының беті зақымдалуы немесе
жарықшақтануы мүмкін. Сондай-ақ бұл
датчиктерді істен шығаруы мүмкін.
Қақты тазалау жиілігі пайдаланылатын
судың кермектігіне жəне құрамында
қоспалардың болуына байланысты;
су неғұрлым кермек болса, қақты
соғұрлым жиі тазалау керек.
Суға арналған бакты толтырған кезде
одан судың ақпайтынына көз жеткізіңіз.
Суға арналған бактың сыртындағы артық
суды міндетті түрде сүртіп тастаңыз.
Ыстық суды (40ºC немесе одан
жоғары), химиялық заттарды, хош
иісті заттарды немесе өзге де зиянды
заттарды пайдаланбаңыз. Бұл
құрылғының деформациялануына
немесе мүлдем істен шығуына əкеп
соқтыруы мүмкін.
Тек таза құбырлық суды пайдаланыңыз.
Судың басқа көздерін пайдалану
зеңнің, саңырауқұлақша немесе
бактериялардың өсу қаупіне жол береді.
Суға арналған бакты тасымалдауға
арналған тұтқасынан ұстай отырып,
шайқамаңыз.
Ылғалдандыру сүзгісін Сүзгіге
арналған жиектемеден шешпеңіз, тек
оны ауыстырғанда ғана.
Ылғалдандыру табандығын алғанда
немесе тазалағанда, суды төкпеуге
тырысыңыз.
Қалтқы мен Аунақшаны шешпеңіз. Егер
Қалтқы немесе Аунақша шығып кетсе,
13-бетті қараңыз.
KI-N51R_41R_2nd.indb 3KI-N51R_41R_2nd.indb 3 2021/10/01 16:36:222021/10/01 16:36:22

Содержание

Похожие устройства

Скачать