Vitek VT-8555 8555-VT-01 [11/20] Қазақша

Vitek VT-8555 8555-VT-01 [11/20] Қазақша
11
ҚазаҚша
көрсетілген байланыс мекен-жайлары
бойынша кез-келген авторланған (уәкілетті)
сервистік орталыққа жүгініңіз.
Зақымдануға жол бермеу үшін құрылғыны
тек зауыт қаптамасында тасымалдаңыз.
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрал
төмен температурада сақталған болса
оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт ұстау керек.
Құрылғыны толығымен қаптамадан
шығарыңыз және құрылғының жұмысына
кедергі келтіретін кез-келген жарнама
жапсырмаларын алып тастаңыз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
зақымданулар болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Іске қосар алдында құрылғының жұмыс
кернеуі электр желідегі кернеуге сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғы жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц
айнымалы ток желісінде жұмыс істеуге
тағайындалған, құрылғының талап етілген
номиналдық жиілікте жұмыс істеуі үшін
ешқандай реттеу талап етілмейді.
ІСКЕ ҚОСУ
Құрылғыны көлденең орналастырыңыз
(сур. 1), қақпақты (5) сағат тілі бағытымен
белгілер (сур. 2) сәйкескенге дейін бұраңыз
және оны шешіп алыңыз.
Құрылғы корпусынан (2) НЕРА-сүзгіні (4)
шығарыңыз (сур. 3).
НЕРА-сүзгіні (4) қаптама материалынан
шығарыңыз.
НЕРА-сүзгіні (4) құрылғы корпусына (2)
орнатыңыз.
Қақпақты (5) орнатыңыз және оны сағат тілі
бағытына қарсы белгілер сәйкескенге дейін
бұраңыз (сур. 4).
Құрылғыны тегіс, орнықты және құрғақ бетке
орналастырыңыз.
Желі бауының ашасын электр розеткасына
тығыңыз.
Құрылғыны іске қосыңыз, ол үшін іске қосу/
сөндіру батырмасын (9) «
» басыңыз, осы
кезде батырмалар (9 және 7) индикаторлары
жанады, жарықтандыру және желдеткіш
айналымының бірінші жылдамдығы (6) іске
қосылады.
Желдету режимін таңдау үшін, батырмасын
(7) «
» басыңыз, осы кезде желдету режимі
ретімен «1»-«2»-«3»-«S» ауысып отырады,
жұмыс режимдері индикаторлар (6) арқылы
басқару панелінде (3) көрінеді.
«1» желдеткіш айналымының төмен
жылдамдығы
«2» желдеткіш айналымының орташа
жылдамдығы
«3» желдеткіш айналымының жоғары
жылдамдығы
«S» – түнгі жұмыс режимі
Түнгі жұмыс режимін «S» орнатқанда,
батырмалар (7, 9) индикаторлары және
жарықтандыру 5 секундтан кейін сөніп
қалады, тек түнгі жұмыс режимі «S» (6)
индикаторы ғана жанып тұрады. Түнгі жұмыс
режимінен шығу үшін, басқару панеліндегі
(3) кез келген батырманы басыңыз.
Ауа тазартқыштың жұмысы кезінде,
сіз жарықтандыруды сөндіре аласыз.
Жарықтандыруды сөндіру үшін батырманы
(8) «
» басыңыз, осы кезде жарықтандыру,
батырмалардың (7, 8) жұмыс режимдері
индикациясы (6) сөнеді, бірақ батырма (8)
« » индикаторы жанады. Индикаторлар мен
жарықтандыруды іске қосу үшін басқару
панеліндегі (3) кез келген батырманы
басыңыз.
Иондау қызметі: - ауа тазартқыш іске
қосылғанда, теріс иондар генераторы іске
қосылады.
Құрылғыда пайдаланылатын НЕРА-сүзгі
2000 сағатқа шақталған. Ауа тазартқыштың
алғашқы және келесі іске қосуларында,
құрылғы жұмысының кері санау таймері іске
қосылады. 2000 сағаттан кейін батырма (8)
« » индикаторы іске қосылады және үнемі
жыпылықтап тұрады, осы кезде НЕРА-сүзгіні
(«НЕРА-сүзгіні тазарту» тарауын қараңыз)
тазарту қажет.
Құрылғыны сөндіру үшін іске қосу/сөндіру
батырмасын (9) «
» басыңыз, осы кезде
құрылғы сөнеді және индикаторлар
сөнеді, желі бауының ашасын розеткадан
шығарыңыз.
Ауа тазартқыш ұзақ уақыт жұмыс істей алады,
ол үшін кез-келген электр аспаптың жұмысы
кезіндегідей, қауіпсіздік техникасы ережелерін

Похожие устройства

Скачать