Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [266/416] 837943
![Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [266/416] 837943](/views2/2072877/page266/bg10a.png)
266 | Қазақ
– Аралау үстелінің кеңейтімін(10), арақашықтық
индикаторы(63) шкаладағы (2) ара дискісіне дейінгі
қажетті арақашықтықты көрсеткенше, сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны(20) төмен қарай итеріңіз.
Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Қосымша параллель тіректі реттеу (Eсуретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(47) параллель тірекке (9) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (9) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара
дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен
ұсталуы және лақтырылуы мүмкін.
Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы
ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы
жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз.
– Ол үшін бекіткіш жинағының (48) барлық қатпарлы
гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі
сәйкесінше жылжытыңыз.
– Қатпарлы гайкаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Қолданысқа енгізу
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу (F1суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) жоғары қарай
қайырыңыз.
– Іске қосу үшін жасыл түсті қосу түймесін (25) басыңыз.
– Сақтандырғыш қақпақты (19) қайтадан төмен қарай
қайырыңыз.
Өшіру (F2суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) басыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен
жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр
құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме
түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп
қалады.
Электр құралын қайтадан қолданысқа енгізу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
– Электр құралын кемінде 10 минут суытыңыз.
– Қайта іске қосу түймесін(26) басып, содан кейін
электр құралын қайтадан қосыңыз.
Ток үзілуі
Ажыратқыш ток үзілуінен кейін (мысалы, пайдалану
кезінде желілік ашаны суырғаннан) электр құралының
қайта іске қосылуына жол бермейтін нөлдік кернеу
ажыратқышы болып табылады.
Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін, жасыл түсті
қосу түймесін (25) қайтадан басуыңыз керек.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
u Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге
немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз
жеткізуіңіз керек.
u Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
u Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз
(дайындамада аяқталатын ойық).
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін
сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі
әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Оператордың күйі (Gсуретін қараңыз)
u Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз.
Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің
жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы
ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта
тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
– Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап аралау үстеліне
басыңыз.
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында
аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы
жылжыту таяғын(15) және қосымша параллель
тіректі(47) пайдаланыңыз.
Макс. дайындама өлшемдері
тік еңіс бұрышы дайындаманың макс.
биіктігі [мм]
0°
80
45°
55
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
– Параллель тіректі (9) қажетті кесік еніне реттеп
шығыңыз.
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың
(6) алдына қойыңыз.
– Ара дискісін қос иіннің (17) көмегімен ара дискісінің
(28) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6мм-
ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің
1 609 92A 72F | (13.10.2021) Bosch Power Tools
Похожие устройства
- Friulsider FM744 М12 20х80 ZN (2 шт) ФАС 76014 2 12 Отказное письмо
- STOUT ALPHA 350 6 секций, боковое подключение SRB-2310-035006 RG00908P36VGEB Технический паспорт
- STOUT ALPHA 500 8 секций SRB-2310-050008 RG00908P3BAT9I Технический паспорт
- STOUT Space 350 10 секций боковое подключение SRB-0310-035010 Технический паспорт
- STOUT Space 350 14 секций боковое подключение SRB-0310-035014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 10 секций боковое подключение SRB-0310-050010 Технический паспорт
- Friulsider нейлон TU 6х30 (100 шт) FR_60101006030IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 10х50 (50 шт) FR_60101010050IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 5х25 (100 шт) FR_60101005025IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 8х40 (100 шт) FR_60101008040IM Отказное письмо
- STOUT Space 500 11 секций боковое подключение SRB-0310-050011 Технический паспорт
- STOUT Space 500 12 секций боковое подключение SRB-0310-050012 Технический паспорт
- STOUT Space 500 13 секций боковое подключение SRB-0310-050013 Технический паспорт
- STOUT Space 500 14 секций боковое подключение SRB-0310-050014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 4 секции боковое подключение SRB-0310-050004 Технический паспорт
- STOUT Space 500 5 секций боковое подключение SRB-0310-050005 Технический паспорт
- STOUT Space 500 6 секций боковое подключение SRB-0310-050006 Технический паспорт
- STOUT Space 500 7 секций боковое подключение SRB-0310-050007 Технический паспорт
- STOUT Space 500 8 секций боковое подключение SRB-0310-050008 Технический паспорт
- STOUT Space 500 9 секций боковое подключение SRB-0310-050009 Технический паспорт