Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [265/416] 837943
![Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [265/416] 837943](/views2/2072877/page265/bg109.png)
Қазақ | 265
қаптамадағы көрсеткі бағытына сәйкес келгеніне
көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (55), салмалы шайбаны (57) және
алты қырлы бұранданы (56) орнатыңыз.
– Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35)
сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз, бұл ретте
жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті қарсы ұстап
тұрыңыз.
– Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алға қайырыңыз.
Пайдалану
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастап, үстел
ендірмесін (8) алып тастаңыз және сынаны (27) ең
төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (8)
қайтадан орнатыңыз.
– Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісінің (28) тістері аралау үстелінің (4) астында
тұрғанша бұраңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10) толығымен ішке
қарай жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
– Сынаны (27) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін (8)
орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (17) ара дискісінің (28) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3−6мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (A суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (16) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (18) бұрыш индикаторы (59) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(16) қайтадан бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((24), (22))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек)
(Bсуретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш бастиек (60) тартылған болса, оны
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (61) қажетті еңіс
бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіткіш бастиекті (60) қайтадан тартыңыз.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (Cсуретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (10) аралау үстелін (4) оңға
қарай ең көбі 950мм шамасына кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (20) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі(9) ара дискісінің сол немесе оң
жағына орналастыруға болады. Лупадағы(62) белгі
шкаладағы(1) параллель тірек пен ара дискісінің
реттелген арақашықтығын көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына
орналастырыңыз (қараңыз „Параллель тіректі монтаждау
(fсуретін қараңыз)“, Бет263).
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
– Параллель тіректің(9) қысқыш тұтқасын(43)
босатыңыз. Параллель тіректі лупадағы (62) белгі ара
дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше
жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, шкаланың(1)
жазбасы жарамды болады.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны(43) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Параллель тіректі тартылған
аралау үстелінде реттеу(Dсуретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы(62) белгі шкалада(1)
28см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны(43) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны(20) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 72F | (13.10.2021)
Похожие устройства
- Friulsider FM744 М12 20х80 ZN (2 шт) ФАС 76014 2 12 Отказное письмо
- STOUT ALPHA 350 6 секций, боковое подключение SRB-2310-035006 RG00908P36VGEB Технический паспорт
- STOUT ALPHA 500 8 секций SRB-2310-050008 RG00908P3BAT9I Технический паспорт
- STOUT Space 350 10 секций боковое подключение SRB-0310-035010 Технический паспорт
- STOUT Space 350 14 секций боковое подключение SRB-0310-035014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 10 секций боковое подключение SRB-0310-050010 Технический паспорт
- Friulsider нейлон TU 6х30 (100 шт) FR_60101006030IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 10х50 (50 шт) FR_60101010050IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 5х25 (100 шт) FR_60101005025IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 8х40 (100 шт) FR_60101008040IM Отказное письмо
- STOUT Space 500 11 секций боковое подключение SRB-0310-050011 Технический паспорт
- STOUT Space 500 12 секций боковое подключение SRB-0310-050012 Технический паспорт
- STOUT Space 500 13 секций боковое подключение SRB-0310-050013 Технический паспорт
- STOUT Space 500 14 секций боковое подключение SRB-0310-050014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 4 секции боковое подключение SRB-0310-050004 Технический паспорт
- STOUT Space 500 5 секций боковое подключение SRB-0310-050005 Технический паспорт
- STOUT Space 500 6 секций боковое подключение SRB-0310-050006 Технический паспорт
- STOUT Space 500 7 секций боковое подключение SRB-0310-050007 Технический паспорт
- STOUT Space 500 8 секций боковое подключение SRB-0310-050008 Технический паспорт
- STOUT Space 500 9 секций боковое подключение SRB-0310-050009 Технический паспорт