Centek DC Inverter, компрессор HIGHLY, 4D-обдув, антибактериальный фильтр CT-65Q24 [40/50] Сплит жүйені орнату

Centek DC Inverter, компрессор HIGHLY, 4D-обдув, антибактериальный фильтр CT-65Q24 [40/50] Сплит жүйені орнату
39
7. СПЛИТ-ЖҮЙЕНІ ОРНАТУ
Сыртқы блокты орнату орнын таңдау
Сыртқы блокты орналастыру үшін оның салмағы мен діріліне төзе алатын орын таңдалуы тиіс, ондағы ауа шуылы мен ағы-
стары оның жұмысы кезінде күшеймеуі және пайдаланушы мен оның көршілерін мазаламауы тиіс. Сыртқы блокты пайдалану
және соңынан қызмет көрсету орнына орнату үшін жеткілікті бос кеңістіктің болуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Ауа циркуляциясына кедергі туғызбайтын жеткілікті бос кеңістіктің болуы, ал сыртқы блоктың ауаны сыртқа шығаратын
жағында ешқандай кедергі туындамауы тиіс. Сыртқы блок күшті жел әсеріне ұшырамауы тиіс. Сыртқы блокқа тікелей күн
көзі мен басқа жарық көздерінің ықпалын мейлінше азайту қажет. Қар қалың түсетін аудандарда қорғағыш күнқағарлар мен
қоршаулар орнату ұсынылады. Жұмыс кезінде дыбыс пен бейнеге ешқандай кедергі туындамауы үшін, сыртқы блоктан ра-
дио- және телевизиялық қабылдағыштарға дейінгі қашықтық 3 метрден кем болмауы қамтамасыз етілуі тиіс. Сыртқы блок тек
көлденеңінен орнатылуы тиіс. Сыртқы блоктың бекіту тіреуіштері сенімді түрде бекітілуі тиіс. Сыртқы блоктан сұйықтық ағып
шығуы мүмкін, сондықтан қасына ылғалды ұнатпайтын заттар қойылмауы тиіс.
Кондиционерді сыртқы ауаның төмен температурасында пайдаланған кезде келесі ережелерді ұстану қажет:
Сыртқы блокты ауа кіргізу/ауа шығару саңылаулары тікелей жел әсеріне ұрынатын орындарға орнатуға тыйым салынады.
Жел әсерінен қорғау үшін сыртқы блокты ауа кіргізу саңылауы қабырғаға қарап тұратындай етіп орнатып, ал ауа кіргізу саңы-
лауы жағына желден қорғайтын қалқа орнатылуы тиіс. Сыртқы блокты қар басып тастамас үшін, оның орнатылатын орны қар
жамылғысының деңгейінен жоғары болуы тиіс.
ҚАТЕЛЕР КОДТАРЫ
Қате коды Сипаттамасы
E1 Ауаның бөлме температурасы хабаршысының қатесі
E2
Сыртқы блоктың жылу алмасқышының температура хабаршысының қатесі
E3
Ішкі блоктың жылу алмасқышының температура хабаршысының қатесі
E4
Ішкі блоктың желдеткішінің электр қозғалтқышының жарамсыздығы
E5
Сыртқы және ішкі блоктарының арасындағы байланыс желісінің қатесі
F0
Сыртқы блоктың желдеткішінің электр қозғалтқышының жарамсыздығы
F1 IPM-модуль (Intelligent Power Module) қатесі
F2 PFC-модуль қатесі
F3 Компрессор жұмысының қатесі
Қате коды Сипаттамасы
F4
Компрессордың айдау желісіндегі температура хабаршысының қатесі
F5 Компрессордың артық жүктемеден қорғалуының іске қосылуы
F6 Ауаның сыртқы температура хабаршысының қатесі
F7
Электрлік қуат бергіштің төмен немесе жоғары кернеуінен қорға-
лудың іске қосылуы
F8 Сыртқы блок модульдерінің байланыс желісінің қатесі
F9
EEPROM (Electrically Erasable Programmable Read Only Memory)
модулінің қатесі
FA
Сорып алу желісінің температура хабаршысының қатесі (4 жүрісті
клапанның жарамсыздығы)

Содержание

Похожие устройства

Скачать