Kolner KCSD 4.8М 8020200116 [11/18] Сақтық шаралары

Kolner KCSD 4.8М [11/18] Сақтық шаралары
11
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KAZ
KCSD 4,8M аккумуляторлық бұрағышы
бұрандамалар, бұрандалы шегелер және
басқалар секілді бекітпе материалдарды
бұрап бекітуге/бұрап шығаруға, сонымен
қатар тұрмыстық мұқтаждықтар аясында
ағашта шағын саңылауларды бұрғылап
тесуге арналған. Сіздің назарыңызды
аталған құралдың ауыр және кәсіби
жұмыстарға арналмағандығына аудар-
тамыз. Құралды тағайындалуы бойын-
ша қолданбау кепілдікті жөндеуден бас
тартудың негіздемесі болып табылады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Аталған бұйымды осы нұсқаулықта
аталғандардан басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбаңыз.
2. Бұйымды біліксіз, кәмелеттік
жасқа толмаған немесе бұйымды
қолдануға физикалық қабілеттері
жеткіліксіз тұлғалардың
қолдануларына жол бермеңіз.
Бұйымды басқа тұлғаларға берген
жағдайда оны қолдану ережелері
жөнінде толығырақ айтыңыз
және аталған нұсқаулықпен
таныстырыңыз.
3. Бұйымды немесе оның жекелей
бөліктерін суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батырмаңыз.
4. Бұйымды егер жану немесе жа-
рылыс қаупі бар болған жағдайда,
мәселен, тез жанғыш сұйықтықтар
мен газдардың маңында
қолданбаңыз.
5. Бұйымды оның негізгі тұтқасынан
ұстай отырып жылжытыңыз.
6. Бұйымды іске қосулы күйде
жылжытпаңыз.
7. Жұмыс аймағында балалардың,
жануарлардың немесе бөгде
тұлғалардың болуларына жол
бермеңіз.
8. Желі параметрлерінің бұйымда
және аталған нұсқаулықта
көрсетілген параметрлерге сәйкес
екендіктеріне көз жеткізіңіз.
9. Бұйымды желіге ажыратқыш
«Сөнд» күйінде тұрғандығына көз
жеткізгеннен кейін ғана қосыңыз.
10. Бұйыммен жұмыс жасау кезінде жеке
қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Қажет болған жағдайда арнайы
қолғаптарды, көзілдіріктерді және
құлаққаптарды қолданыңыз.
11. Жұмыс жасау кезінде ешбір
бөліктері бұйыммен жанаспайтын-
дай қолайлы киімді кию ұсынылады.
Сонымен бірге Сізде қажетсіз
салдарларды шақыратын неме-
се жұмысқа кедергі жасай алатын
ештеңе жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
12. Сенімсіз бекітілген өңделуші
бөлшекпен немесе тұрақсыз бет-
пен жұмыс жасау ұсынылмайды.
Өңделуші бетті немесе бөлшектерді
сенімді бекітумен қамтамасыз етіңіз,
мәселен, қысқыштың көмегімен,
13. Өңделуші беттен немесе
бөлшектерден басқа ештеңе
бұйымның қозғалып тұрған
бөліктеріне жанаспаулары керек.
14. Бұйымның тоқтап қалуын
шақыратын жүктемеге жол бермеңіз.
15. Іске қосулы бұйымды назарсыз
қалдырмаңыз.
16. Бұйымды ажыратқаннан кейін
бірден салмаңыз, қозғалтқыштың
толық тоқтауын күтіңіз.
Скачать