Bosch GWS 12V-76 + 1x2.0 Ah + GAL 12V-40 0615990M2P [165/269] Пайдалануға ендіру

Bosch GWS 12V-76 + 1x2.0 Ah + GAL 12V-40 0615990M2P [165/269] Пайдалануға ендіру
Қазақ | 165
Ажарлағыш құралдарды қысу немесе босату үшін
шпиндельді бұғаттау түймесін (2) алға қарай жылжытып,
дәл сол уақытта ажарлағыш құралды бұрау арқылы
ажарлау шпинделін реттеп шығыңыз.
u Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін
қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні босату үшін шпиндельді
бұғаттау түймесін (2) алға қарай жылжытып, дәл сол
уақытта ажарлағыш/кескіш дискіні (12) бұрау арқылы
ажарлау шпинделін (8) реттеп шығыңыз (C1 суретін
қараңыз).
Алты қырлы дөңбек кілттің (13) көмегімен шайбасы бар
қысқыш бұранданы (11) алып тастап, ажарлағыш/кескіш
дискіні (12) шешіңіз (C2 суретін қараңыз).
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін шайбасы бар
қысқыш бұранданы (11) бұрап кіргізіңіз. Бұранданы алты
қырлы дөңбек кілтпен (13) бұранданың шайбасы
ажарлағыш/кескіш дискімен (12) тегіс жанасқанша
тартыңыз (C3 суретін қараңыз).
Содан кейін шпиндельді бұғаттау түймесін (2) өз орнына
жылжытыңыз (C4 суретін қараңыз).
u Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
айналымдар саны [мин
-1
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
макс. [мм] [мм]
D b d [мин
-1
] [м/с]
76 7 10 19500 80
Ажарлағыш/кескіш дискіні таңдау
Ажарлағыш
құрал
Материал
Carbide Multi
Wheel
Ағаш
(шегелермен),
пластик, ПВХ,
композиттік
материалдар,
акрилді шыны,
гипс, мыс
Expert for Inox Тот баспайтын
болат, болат
Best for Ceramic Плитка, керамика
Best for Hard
Ceramic
Плитка, қатты
фарфор,
файнштейн
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (4) шерту дыбысымен
тірелгенше және электр құралының тұтқасына тығыз тиіп
тұрғанша салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3)
алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (3) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (3)
төменге тірелгенше басыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5WJ | (19.08.2020)

Содержание

Похожие устройства

Скачать