Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [15/73] 875692

Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [15/73] 875692
ҚОЛДАНУ
o
Қолмен басқарылатын режимнің батырмасын (6) басқаннан кейін «–» (7) және «+» (8) батырмаларымен
дисплейде көрсетілетін ағымдағы уақытты орнатыңыз. Дисплейде дұрыс ағымдағы уақыт көрсетілген
кезде «–» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Бірнеше секунд өткен соң уақыт сақталады (дисплейде
тұрақты көрсетіліп тұрады) және духовканы қолдана аласыз.
Таймер
o
«Еріту» функциясымен тек хабарлау таймерін ғана қолдануға болады. Таймердің қалған режимдері
«Еріту» функциясымен бірге жұмыс жасамайды.
Алғаш қолданар алдында
o Духовкадан өндіру процесінің нәтижесінде қалуы мүмкін заттарды тазалау үшін желдеткіші бар қыздыру
режимін таңдаңыз және максималды температураны орнатыңыз.
o Қыздыру процесінде иіс білінуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
o Бөлмедегі желдеткішті қосыңыз немесе терезені ашыңыз.
o Бірінші қыздыру кезінде бөлмеде болмаған дұрыс.
o
Духовканы максималды температурамен 30-40 минутқа жұмыс жасауға қалдырыңыз.
o
Духовка суыған кезде оны жылы сабынды суға малынған губкамен немесе жұмсақ матамен сүртіп
алыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз.
o Духовканың сыртқы беттерін жылы сабынды суға малынған губкамен немесе жұмсақ матамен сүртіп
алыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз.
o
Тот баспайтын болаттан жасалған беттерді тазалау және жылтырату үшін арнайы құралдарды
қолдану ұсынылады.
Хабарлау таймері
Хабарлау таймерін духовканы қыздырудың таңдалған режиміне қарамастан кез келген уақытта орнатуға
болады. Хабарлау таймерінің көмегімен аяқталған кезде духовка дыбысты сигнал беретін уақытты
тағайындауға болады.
o
Хабарлау таймерінің батырмасын (3) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі.«–» (7) және «+» (8)
батырмаларымен хабарлау таймерінің уақытын орнатыңыз.
o
Дисплейде қажетті уақыт көрсетілген кезде «–» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Дисплейде хабарлау
таймерінің индикаторы (11) жанады.
o Уақытты орнатқаннан кейін оны «–» немесе «+» батырмаларының көмегімен көбейтуге немесе азайтуға
болады.
o
Орнатылған уақыт өткеннен кейін хабарлау таймерін басу арқылы өшіруге болатын дыбысты сигнал
беріледі.
o Маңызды!Дыбысты сигналды өшіргеннен кейін духовка қызуын жалғастырады. Егер дайындауды әлі
де аяқтамасаңыз, жұмыс режимдерін ауыстырып қосқыш пен температураны 0 күйіне орнатыңыз.
Дайындау ұзақтығын орнату
Бұл функция да таймерді орнатуға мүмкіндік береді, бірақ хабарлау таймеріне қарағанда тағайындалған
уақыт аяқталғаннан кейін қыздыру аяқталып, духовка өшеді.
Температураны температураны ауыстырып қосқышпен (2) орнатыңыз. Дисплейде қолмен басқару режимінің
индикаторы (12) жанады.
12
Скачать