Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [3/73] 875692

Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [3/73] 875692
ЕСКЕРТУ!
Алкогольді қолданып дайындау кезінде жоғары температураның булануына және тіпті ыстық қызып
тұрған элементтердегі спирттің жануына алып келуі мүмкін.
Дайындауды аяқтағаннан кейін температурасын ұстап тұру үшін тағамды духовкада қалдырмаңыз,
өйткені ылғалдықтың жоғары деңгейі және пайда болатын конденсат уақыт өткен сайын духовка
ішіндегі коррозияға алып келуі мүмкін. Басқару панелі де, үстел беті мен асхана шкафы да бүлінуі
мүмкін. Духовка ішінде тағам бар кезде духовканы толығымен өшірмеңіз, оның орнына қыздырудың
қолданылатын режимі үшін ең төменгі температураны орнатыңыз. Бұл желдеткіш жұмысын
жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Егер тағамды духовкада температураны ұстап тұру үшін қалдыратын болсаңыз, олардың бетін
жабыңыз, өйткені өнімдерден бөлінетін ылғал духовкада коррозияның пайда болуына алып келуі
мүмкін. Бетін жабу сондай-ақ тағамдардың кеуіп кетуінің алдын алады.
Духовканың түбіне алюминий фольга төсемеңіз және камера түбіне табаларды және басқа да
ыдыстарды қоймаңыз.
Бұл ауа айналымына, тағамды тиісті деңгейде пісіруге кедергі келтіреді және духовка ішіндегі эмалдың
бүлінуіне алып келуі мүмкін.
Скачать