Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [7/73] 875692

Gorenje BO6737E02AXK Руководство по эксплуатации онлайн [7/73] 875692
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
! Аспаппен жапсарлас орналасқан панельдер жылуға төзімді материалдан жасалуы тиіс.
! Шпонмен қапталған шкафтар 100°С дейінгі температураға шыдайтын желімді қолданып дайындалуы тиіс.
! Жапқыш, жиһаз, жастық, киім, төсем жабындары, қағаз және т.б. сияқты тез жанатын заттар мен
материалдардың аспаптың алдыңғы және артқы бетінен кемінде 3 фут (0,9 метр) қашықтықта орналасуын
қадағалаңыз. Бұл аспапты бензин, бояу және басқа да тез жанатын сұйықтықтар немесе олардың буы
болуы мүмкін жерлерде қолданбаңыз.
! Жанудың алдын алу үшін аспапты желдету және айналдыру каналдары бітеліп қалуы мүмкін жерлерге
орналастырмаңыз және орнатпаңыз.
! Аспаптың қорек шнуры тиісті тәсілмен жерге тұйықталған және қорғалған 220-240 В электрлік розеткаға
жалғануы тиіс. Егер электротехникалық нормаларға сәйкес талап етілсе, жерге тұйықталудан қорғауды
қамтамасыз етіңіз. Жанудың алдын алу үшін қорек шнурын кілемнің, кілем жабындарының және т.б.
астымен жүргізбеңіз. Шнурды ілініп қалуы мүмкін жерлерден алысқа орналастырыңыз.
! Аспапты электр желісіне жалғау үшін ұзартқыштарды қолданбаңыз, өйткені олар қызып кетіп, жануға себеп
болуы мүмкін.
! Тасымалдау және сақтау кезінде аспапты құрғақ жерде ұстаңыз, шаңның, шектен тыс дірілдің және оны
зақымдауы мүмкін басқа да факторлардың әсер етуіне жол бермеңіз.
! Егер қорек шнуры немесе аша бүлінген болса, сонымен қатар аспап жұмысында кідіріс болса немесе аспап
бұзылған болса, оны қолданбаңыз. Диагностикалау және ақауларды жою үшін аспапты авторлық құқығы бар
сервис орталығына жіберіңіз.
! Бүлінген қорек шнурын ауыстыру үшін арнайы шнурды немесе сервис орталығынан алуға болатын
жиынтықты қолданыңыз.
! Аспапты осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларына сәйкес қолданыңыз. Кез келген басқа
қолдануды өндіруші ұсынбайды және ол өрттің туындауына, электр тогынан зақым алуға немесе жарақат
алуға алып келуі мүмкін.
!Аспап физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі
жетіспейтін адамдардың (соның ішінде балалардың) олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың
қарауымен немесе қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған жағдайда ғана қолдануына арналған.
Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
! Ыстық әмбебап табада немесе пісірмелерге арналған табада тұрған тағамға, сонымен қатар ыстық
духовкадағы тағамға тікелей салқын су қоспаңыз. Пайда болған бу ауыр күйік шалуға алып келуі мүмкін,
сонымен қатар температураның күрт өзгеруі эмальды зақымдауы мүмкін.
! Аспапты есігінің тұтқасынан ұстап көтермеңіз.
4
Скачать