Delonghi Magnifica Start ECAM 220.22 GB [26/0] Дәндерінен

Delonghi ECAM220.22.GB [26/100] Дәндерінен
26
4
Жоғары
Машина параметрлерін орнату үшін "12.
Параметрлер мәзірі" бөліміндегі нұсқауларды
қараңыз.
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Есіңізде болсын:
Бу/ыстық су дөңгелегінің (A19) жабылғанын, 0
позициясына (1-сурет) қойылғанын тексеріңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмектерінен (A15)
аздап ыстық су шығады және төмендегі тамшы
науасына жиналады. Су шашырандыларынан
абай болыңыз. Тамшы науасын жиі босату
әбігерінен құтылу үшін (A11), шүмектер
астына шайылған су жиналатын бос ыдысты
қойыңыз.
Құрылғыны іске қосу үшін түймесін
басыңыз (B1): түйменің диодшамы
жанады және басқару тақтасында (B)
сусындар индикаторының диодшамдары
жыпылықтайды, бұл машинаны
қыздырудың жүріп жатқанын көрсетеді.
Бұл қадамда машина шаю циклін орындайды.
Қазандықты қыздырумен қоса, ол ыстық
суды ішкі тізбектер бойымен айналдыру
қызметін атқарады, осылайша тізбектер де
қажетті температураға дейін қызады.
Егер сусындар мен қоюлық көрсеткіштері
үнемі жанып тұрса, құрылғы жұмыс істеуге
дайын болғаны.
6. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРУ
Құрылғы кофе жасау үшін пайдаланылғаннан
кейін кез келген уақытта ол автоматты шаю
процесін орындайды.
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмектерінен (A15)
аздап ыстық су шығады және төмендегі тамшы
науасына жиналады. Су шашырандыларынан
абай болыңыз. Тамшы науасын жиі босату
әбігерінен құтылу үшін (A11), шүмектер
астына шайылған су жиналатын бос ыдысты
қойыңыз.
Құрылғыны өшіру үшін түймесін
басыңыз (B1);
басқару тақтасындағы сусындар
индикаторының диодшамдары осы кезде
жыпылықтайды: құрылғы шаю циклін
орындайды, егер мұндай функция болса,
содан кейін өшеді (күту режиміне өтеді).
Есіңізде болсын:
Егер құрылғы біраз уақыт пайдаланылмаса,
оны розеткадан ажыратыңыз:
алдымен құрылғыны түймесін басу
арқылы өшіріңіз;
қуат сымын розеткадан суырыңыз.
7. КОФЕ СУСЫНДАРЫН ЖАСАУ
7.1 Кофе
дәндерінен
кофе жасау
Маңызды!
Ешқашан жасыл, карамельденген немесе
қант қосылған кофе дәндерін пайдаланбаңыз,
себебі олар кофе тартқышқа жабысып, оны
пайдалануға жарамайтын етуі мүмкін.
1. Ыдысты (A3) кофе дәндерімен
толтырыңыз (10-сурет);
10 11
2. Кофе шүмектерінің (A15) астына бір кесе
қойыңыз (11-сурет);
3. Шүмектерді кеселерге қарай
мүмкіндігінше төмендетіңіз: бұдан
кілегейлі кофе шығады (11-сурет);
4. Қалаған кофе сусынын таңдаңыз:
Сусын
(*)
Әдепкі
мөлшері
(мл)
Бағдарламаланатын
мөлшер (мл)
40 20 - 80
180 100 және 240
аралығында
160 115 және 250
аралығында

Содержание

Похожие устройства

Скачать