Samsung HW-S800B/XT [102/0] Ескерту

Samsung HW-S800B [102/0] Ескерту
KAZ - 30
10 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ
ЖАҢАРТУЫ
Автоматты түрде жаңарту
Soundbar құрылғысы интернетке қосылған кезде, Soundbar құрылғысы
өшірілген болса да, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалану үшін, Soundbar
құрылғысы интернетке қосылып тұруы керек.
Soundbar құрылғысының қуат сымы ажыратылса немесе қуат өшірілсе,
Soundbar құрылғысына қосылған Wi-Fi желісі ажыратылады. Егер қуат
көзінен ажыратылған болса, қуат қайта қосылған кезде немесе қуат сымын
қайта жалғаған кезде, Soundbar құрылғысын іске қосып, содан кейін оны
интернетке қайта қосыңыз.
USB арқылы жаңарту
Soundbar құрылғысының артқы жағы
SERVICE
HDMI
(ARC)
SERVICE
HDMI
(ARC)
Micro USB - USB
адаптер кабелі
(жеткізілмейді)
Болашақта Samsung компаниясы Soundbar жүйесінің микробағдарламасы
үшін жаңартуларды ұсынуы мүмкін.
Жаңарту қолжетімді болғанда, Soundbar құрылғысының SERVICE портына
микробағдарлама жаңартымын қамтитын USB дискісін жалғау арқылы
Soundbar құрылғысын жаңартуға болады.
1. (www.samsung.com) веб-сайтына өтіңіз → клиенттерге қолдау көрсету
қызметі мәзірінде үлгі атауын іздеңіз.
Жаңарту туралы Қосымша ақпаратты жаңарту нұсқаулығынан қараңыз.
2. Жаңарту файлын (USB түрі) жүктеп алыңыз.
3. Файл атауы бар қалтаны жасау үшін файлды мұрағаттан шығарыңыз.
4. Жасалған қалтаны USB жадында сақтап, содан кейін оны Soundbar
құрылғысына қосыңыз.
5. Soundbar құрылғысын қосыңыз. Одан кейін өнім 3 минут ішінде
жаңартылады.
Жарық
диодты
индикатор
Ақ түс солдан оңға және оңнан
солға жылжиды
Жаңарту барысында оны өшірмеңіз немесе USB құрылғысын алып
тастамаңыз.
Егер бағдарламалық жасақтаманы жаңарту аяқталғаннан кейін сары
түсті жарық диодты индикатор жанып тұрса, бұл қосымша жаңартудың
орындалып жатқанын білдіреді. Бұл орын алғанда, қуатты өшірмеңіз
немесе USB құрылғысын алып тастамаңыз.
Жаңарту жалғаспаса, Soundbar құрылғысының қуат сымын қайта
қосыңыз.
Ең соңғы нұсқа орнатылғанда, жаңарту орындалмайды.
USB түріне байланысты жаңартуға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Егер жаңарту файлы қолжетімді болмаса, индикатор 3 рет қызыл түспен
жыпылықтайды.
Жарық
диодты
индикатор
3 рет қызыл түспен жыпылықтайды
Егер жаңарту файлы бұрынғы нұсқамен бірдей немесе төменірек
нұсқада болса, индикатор көгілдір түспен 3 рет жыпылықтайды.
Жарық
диодты
индикатор
3 рет көгілдір түспен жыпылықтайды
Қалпына келтіру
5 Sec
Soundbar құрылғысы қосылып тұрғанда корпустағы (Дыбыс деңгейі)
түймелерін бір уақытта кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. Жарық диодты
дисплей төменде көрсетілгендей өзгереді, одан кейін Soundbar бастапқы
қалпына келтіріледі.
Жарық
диодты
индикатор
3 рет көгілдір түспен жыпылықтайды
Қызыл түспен жыпылықтайды → өшіп тұр
Ақ түс солдан оңға және оңнан
солға жылжиды
ЕСКЕРТУ
Soundbar құрылғысының барлық параметрлері қалпына келтіріледі.
Мұны тек қалпына келтіру қажет болғанда ғана орындаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать