Samsung HW-S800B/XT [103/0] Ақаулықтарды жою

Samsung HW-S801B [103/108] Ақаулықтарды жою
KAZ - 31
11 АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Көмек сұрамас бұрын, мыналарды тексеріңіз.
Soundbar қосылмайды.
Soundbar құрылғысының қуат сымы розеткаға дұрыс салынғанын
тексеріңіз.
Soundbar тұрақсыз жұмыс істейді.
Қуат сымын суырып алғаннан кейін оны қайтадан салыңыз.
Сыртқы құрылғының қуатын өшіріп, қосып, әрекетті қайталаңыз.
Сигнал болмаған кезде, Soundbar құрылғысы белгілі бір уақыт
аралығында автоматты түрде өшіріледі. Қуатты қосыңыз. (9-бетті
қараңыз.)
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді
Қашықтан басқару пультін Soundbar тақтасына тура бағыттаңыз.
Қашықтан басқару пультін қайта зарядтаңыз.
Soundbar құрылғысындағы индикатор біркелкі қызыл түспен жанады.
Микрофон өшірілген.
Микрофонды қосыңыз. (7-бетті қараңыз.)
Soundbar құрылғысынан дыбыс шықпайды.
Soundbar құрылғысының дыбыс деңгейі тым төмен немесе дыбыс
өшірілген. Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Кез келген сыртқы құрылғы (STB, Bluetooth құрылғысы, мобильді құрылғы
және т.б.) қосылған кезде, сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
Теледидар дыбысын шығару үшін Soundbar құрылғысын таңдаңыз.
(Samsung теледидары: Басты (
) → Мәзір → Баптаулар ( ) → Барлық
баптаулар ( ) → Дыбыс → Дыб.шығысы → Select Soundbar)
Soundbar құрылғысына қосылған кабель әлсіремеуі керек. Кабельді
ажыратып, қайтадан жалғаңыз.
Қуат кабелін толығымен алып, оны қайтадан қосып, қуат көзін қосыңыз.
Өнімді бастапқы қалпына келтіріп, әрекетті қайталаңыз. (30-бетті
қараңыз.)
Сабвуферден дыбыс шықпайды.
Сабвуфердің артындағы жарық диодының индикаторы көк түсті болып
жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер индикатор көк түспен жыпылықтаса
немесе қызыл түске ауысса, Soundbar мен сабвуферді қайта жалғаңыз.
(15-бетті қараңыз.)
Soundbar құрылғысы мен сабвуфер арасында кедергі болса, мәселе
туындауы мүмкін. Құрылғыларды кедергілерден алыс аймаққа апарыңыз.
Жақын жерде радиожиілік сигналдарын жіберетін басқа құрылғылар
қосылымды үзуі мүмкін.
Динамикті осындай құрылғылардан алыс ұстаңыз.
Қуат штепселін ажыратып, қайтадан жалғаңыз.
Сабвуферден немесе көлемдік дыбыс колонкасынан дыбыс дірілі,
кешігулер немесе шу шыққан жағдайда
Егер Soundbar құрылғысы мен сабвуфер колонкасы арасында қандай да бір
зат болса, мәселе туындауы мүмкін. Араларында мұндай зат болмайтындай
етіп олардың орнын ауыстырыңыз.
Сабвуфер Soundbar құрылғысынан алыс болғанда дыбыс дірілі немесе
кешігулері орын алуы мүмкін. Оларды Soundbar құрылғысының жанына
орналастырыңыз.
Егер Soundbar құрылғысы радио кедергілер тудыратын аспаптың немесе
электрлік құрылғының жанында орналасқан болса, дыбыс дірілі немесе
кешігулері орын алуы мүмкін. Soundbar құрылғысын осындай радио
кедергілер тудыратын құрылғылардан алыстау орналастырыңыз. (Мысалы,
сымсыз маршрутизатор)
ТД желісінің байланыс күйін сымсыздан сымды желіге ауыстырыңыз.
Сабвуфердің дыбыс деңгейі тым төмен
Ойнатылатын контенттің бастапқы дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін.
Сабвуфердің деңгейін реттеуге тырысыңыз. (10-бетті қараңыз.)
Сабвуфердің динамигін өзіңізге жақындатыңыз.
Егер теледидар HDMI (ARC) арқылы жалғанбаса.
HDMI кабелі ARC клеммасына дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. (17-бетті
қараңыз.)
Жалғанған сыртқы құрылғыға (тіркемеге, ойын консоліне, т.б.)
байланысты жалғау мүмкін болмауы ықтимал. Soundbar құрылғысын
тікелей жалғаңыз.
HDMI-CEC теледидарда іске қосылмаған болуы мүмкін. Теледидардың
мәзірінде CEC қосыңыз. (Samsung теледидары: Басты (
) → Мәзір →
Баптаулар ( ) → Барлық баптаулар ( ) → Қосылым → External Device
Manager → Anynet+ (HDMI-CEC) ON)
Теледидарға «HDMI» (ARC) режимінде жалғағанда дыбыс шықпайды
Құрылғы кіріс сигналын ойната алмайды. Теледидардың дыбыс шығысын
PCM немесе Dolby Digital жүйесіне өзгертіңіз. (Samsung теледидары үшін:
Басты (
) → Мәзір → Баптаулар ( ) → Барлық баптаулар ( ) → Дыбыс
→ Эксперт параметрлері → Цифрлық шығыс аудиосының форматы
Soundbar құрылғысы Bluetooth арқылы жалғанбайды.
Жаңа құрылғы жалғаған кезде, жалғау үшін Bluetooth жұптастыру
режиміне ауысыңыз. (Қашықтан басқару пультіндегі
PAIR түймесін
немесе корпустағы (Микрофон қосулы/өшірулі) түймесін кемінде
5 секунд бойы басып тұрыңыз.)
Soundbar құрылғысы басқа құрылғыға қосылған болса, сол құрылғыны
ауыстыру үшін, алдымен оны ажыратыңыз.
Қосу үшін құрылғыдағы Bluetooth динамиктерінің тізімін жойғаннан
кейін оны қайта жалғаңыз. (Samsung теледидары: Басты ( ) → Мәзір
→ Баптаулар ( ) → Барлық баптаулар ( ) → Дыбыс → Дыб.шығысы →
Bluetooth динамиктері тізімі)
Қуат штепселін ажыратып, қайтадан жалғаңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Өнімді бастапқы қалпына келтіріп, әрекетті қайталаңыз. (Қосымша
ақпарат алу үшін, “Қалпына келтіру” бөлімін қараңыз.)

Содержание

Похожие устройства

Скачать