Denon DCD-600NE Black [28/0] Практикалық қолдану жөнінен кеңестер

Denon DCD-600NE Black [28/0] Практикалық қолдану жөнінен кеңестер
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНЕН КЕҢЕСТЕР
29
Ағаштарды құлату
Ағаштарды құлату жұмыстарын бастар алдында ағаштың табиғи
көлбеу күйі мен желдің соғу бағытын, сондай-ақ аса ауыр
бұтақтардың орналасуын анықтап алыңыз және осы факторлар-
ды есепке ала отырып, ағаштың құлау бағытын белгілеңіз. Оның
құлау бағытында адамдар, жануарлар жүрмеу үшін, электр беру
желілері, телеграф сымдары, құрылыстар, техника мен басқа
да бүлінетін нысандардың болмауы үшін алдын-ала шаралар
қолданыңыз. Ағашты құлату жұмысын үш кезеңде жүргізесіз:
1. Жоспарланған құлау бағыты жағынан ағаштың діңінің диаметрінің
төрттен бір бөлігін аралап алыңыз. Жоғарғы аралау бөлігі ша-
мамен 45° бұрышта жүргізіледі, ал төменгісі жоғарғы бөлігімен
қиылысатындай, одан төмен болмайтындай көлденеңінен.
2. Міндетті түрде кішкене араланбаған бөлік қалдыра отырып, ағаштың
діңінің қалыңдығының ¾ тереңдікте араланған бөлікке қарама-қарсы
жағынан негізгі араланған бөліктен сәл жоғары етіп жасаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз ағаштың құлау бағытын
дұрыс емес белгілесеңіз, шиналардың сыналануының
және зақымдалу қауіпсіздігінің алдын-алу үшін
араланған бөлікке сына орнатыңыз.
3. Құлау аймағында адамдар мен жануарлардың жоқтығына
көзіңізді жеткізіңіз. Содан кейін негізгі араланған бөлікке сына
қағып, ағашты құлатыңыз.
ЕСКЕРТУ! Керілген ағаштың діңдерін бөлшектеген кезде, алдымен
иілген жерінің ішкі жағынан аздап арамен кесіп алыңыз (тереңдігі
шамамен 1/3 аспайтын). Содан соң сыртқы жағынан аралаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ағаштарды құлату кезінде
сақтайтын қауіпсіздік шаралары!Келесі қауіпсіздік ша-
раларын қатаң сақтаңыздар:
а) Егер сіз ағаштың құлау бағыты мен аймағын анықтай алмасаңыз,
жұмысты кейінге қалдырыңыз (қараңғы түннің, тұманның,
жаңбырдың немесе желдің ұйытқу әсерінен).
б) Алдын-ала ағашты аралауды аяқтағанға дейін маңайыңызда
жүрген адамдарға қауіпсіздік шараларын орындау қажеттілігі ту-
ралы ескертіңіз (құлау аймағынан кетіру, бүлінетін техника мен
заттарды жинау);
в) Аралаған кезде ағаштың діңін толығымен аралап тастамаңыз,
себебі мұндай жағдайда Сізде ағаштың құлау бағытын басқару
мүмкіндігі болмайды;
г) Ағаштың діңін негізінен айыратын кезде жарақаттардың ал-
дын-алу үшін ағаштың діңінің негізінен мүмкіндігінше алысырақ
тұрыңыз (құлау бағытына қарама-қарсы бағытқа);
д) Құлаған ағаштың бұтақтарын аралайтын кезде мұқият болыңыз,
әсіресе діңі сүйенетін бұтақтарын. Иілген бұтақтың ішкі керілуі
тіптен кішкентай бөлігін аралаған кезде және операторға қарай
созғанда да күтпеген жерден оның сынып кетуіне алып келеді.
Сонымен қатар мұндай жағдайда тіреуіші жоқ ағаштың діңі кез-
келген бағытта жылжи бастауы мүмкін.
е) Ағаштың діңінде тұрып, құлаған ағаштың бұтақтарын
араламаңыз. Себебі ағаштың діңі жылжи бастаса, Сіз құлаған кез-
де жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

Содержание

Скачать