Keneksi K9 [26/32] Телефонды және керек жарақтарды пайдаланған кездегі сақтық шаралары

26
Қауіпсіздік ережелері
Нұсқаулықпен зейін қойып танысыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау қауіпті, ал кейбір жағдайларда заңсыз. Анағұрлым толық
ақпаратты Сіз осы Пайдаланушы нұсқаулығынан аласыз.
Электр тоғының соғуын, тұтануды немесе жарылуды болдырмау
Түпнұсқалық батареялар мен қуаттандыру құрылғыларын ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыға дымқыл қолыңызды тигізбеңіз.
Жарылу қаупі бар жерлерге (жанармай құю станциялары, жеңіл тұтанатын заттар құйылған сыйымдықтар қоймаланған жерлер)
жақындаған кезде телефонды сӛндіріңіз.
Желілік кабелі зақымдалған немесе ажыратқыштары ақаулы қуаттандыру құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
Желілік кабельдің майысуына және қысылып қалуына жол бермеңіз.
Ағып кету, ісіну немесе майысу іздері бар батареяларды пайдалануға тыйым салынады.
Батарея мен қуаттандыру құрылғысын оттан және тікелей күн сәулелерінің түсуінен қорғаңыз.
Құрылғы мен керек-жарақтарды жылытқыштардың және кӛп мӛлшерде жылу шығаратын басқа аспаптардың жанында
орналастырмаңыз.
Құрылғыны қуаттандырмай пайдалануға тыйым салынады.
Найзағай жарқылдаған кезде қуаттандыру құрылғысын желіден ажыратыңыз және телефонды пайдаланыңыз.
Құрылғыны қысқа толқынды пешке салуға тыйым салынады.
Телефонды автокӛліктің ішінде қалдырмаңыз, себебі салонның ішіндегі температура 80°С–ге жетуі мүмкін, бұл құрылғының
жарылуына әкеп соғады.
Телефонды ӛз бетіңізбен жӛндеуге тырыспаңыз. Мұнымен білікті маман айналысу керек.
Телефонды және керек-жарақтарды пайдаланған кездегі сақтық шаралары.
Кардиоынталандырғыш
Телефоннан кардиоынталандырғышқа дейін әрдайым кем дегенде 15 см қашықтықты сақтаңыз. Кардиоынталандырғышқа әсер
ететіндігі байқалған жағдайда телефонды тез арада сӛндіріңіз.
Басқа медициналық құрылғылар
Егер Сіз қандай да бір басқа медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, осы құрылғының ӛндірушісінен құрылғыға RF дабылдарының
қаншалықты әсер ететіндігі туралы сұрап, кеңес алыңыз. Мүмкін, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз осындай ақпаратты алуға кӛмектесер.
Медициналық мекемелер
Егер осы құрылғыны медициналық мекемелерде пайдалануға тыйым салынса, оны сӛндіріңіз. Медициналық мекемелер RF дабылының
әсеріне ұшырауы мүмкін құрылғылармен жабдықталуы мүмкін.
Көлік құралдары
Автокӛлікте құрылғыны қауіпсіздік жастықтарының жанында қалдырмаңыз, жастықтар іске қосылған жағдайда ол күрделі
жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін. Құрылғыны кӛлік құралын басқару кезінде пайдаланбаған жӛн, кейбір елдерде бұл тіпті заңсыз. Кӛлік
құралдарының электрондық жүйелері RF дабылының әсеріне ұшырауы мүмкін. Осы сұрақ бойынша Ӛзіңіздің кӛлік құралыңыздың
ӛндірушісімен немесе оның ӛкілімен кеңесіңіз.
Авиакөлік
Ұшаққа отыру алдында құрылғыңызды сӛндіріңіз. Қосулы телефон борттық жабдықтың жұмысына әсер ететін кедергілер түзуі мүмкін.
Құлаққаптар
Даусын қатты шығарып әуен тыңдау есту қабілетіңізді қалпына келмейтіндей етіп зақымдауы мүмкін. Сӛйлескен немесе әуенді
тыңдаған кезде дауыс қаттылығының барынша аз жеткілікті деңгейін пайдаланыңыз.
Батареяларға күтім жасау жөніндегі ақпарат
Қуаттандыру алдында батареяны толықтай қуатсыздандыру міндетті емес.
Телефонның ӛндірушісі ұсынған қуаттандыру құрылғылары мен керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз.
Тыйым салынады: батареяны бӛлшектеуге, майыстыруға, деформациялауға, тесуге. Зақымдалған батареяны пайдалану күрделі
жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін.
Батареяның түйсіктерін металлды және тоқ ӛткізетін заттармен тұйықталудан қорғаңыз.
Батареяны кәдеге жарату жӛніндегі жергілікті заңдарға және ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз.
Батареяларды үй жануарлары мен балалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
Құрылғы мен батареяны түсіріп алмаңыз. Егер Сіз құрылғыны қатты беткі қабатқа түсіріп алсаңыз және оның зақымдалғанын
байқасаңыз, мамандандырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
Батареяны дұрыс пайдаланбау ӛрттің, жарылыстың туындауын әкеп соғуы мүмкін.

Содержание