Keneksi K9 [30/32] Күйлеулер

30
o Жарқылды, экспозицияны, кереғарлықты және т.б. күйлеу үшін «Опциялар» - «Күйлеулер» тармағын басыңыз.
Керекті тармақты таңдап, керекті мағынаны енгізіңіз.
o Фотосурет ауқымын ұлғайту/кішірейту үшін джойстиктің жоғары/тӛмен батырмаларын басыңыз.
o Фотосуретті түсіру үшін джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз.
Галерея
Қосымша «Мультимедиа» мәзірінде орналасқан.
o Суретті ашу үшін, файлды таңдап, джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз немесе «Опциялар» - «Қарау»
тармағын басыңыз
o Сүретті жою үшін, алдымен файлды таңдаңыз да, «Опциялар» - «Жою» тармағын басыңыз
o Барлық суреттерді жою үшін «Опциялар» - «Барлық файлдарды жою» тармағын басыңыз
o Қаралып жатқан сақталу орнын ӛзгерту үшін «Опциялар» - «Сақтау орны» тармағын басып, керекті орынды
таңдаңыз
o Галереядан файлдарды Bluetooth арқылы жіберуге болады. Ол үшін файлды таңдап, «Опциялар» - «Жіберу» -
«Bluetooth арқылы» тармағын басып, тізімнен керекті құрылғыны таңдаңыз немесе жаңа іздеу жасаңыз.
Бейнекамера
Қосымша «Мультимедиа» мәзірінде орналасқан.
o Бейнені жазуды бастау үшін джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз
o Бейнені жазуды тоқтату үшін «Тоқтату» батырмасын басыңыз. Егер бейнені жазуды уақытша тоқтату қажет болса,
джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз
o Бейненің ауқымын ұлғайту/кішірейту үшін джойстиктің жоғары/тӛмен батырмаларын басыңыз.
o Бейнені түсіру сапасын күйлеу үшін, «Опциялар» - «Сапа» тармағын басыңыз
Бейнеплеер
Қосымша «Мультимедиа» мәзірінде орналасқан.
o Бейнені ойнату үшін, файлды таңдап, джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз немесе «Опциялар» - «Ойнату»
тармағын басыңыз
o Бейне кӛрсетілімі кезінде дыбыс «*» және «#» бастырмаларымен реттеледі
o Бейнені жою үшін, алдымен файлды таңдаңыз да, «Опциялар» - «Жою» тармағын басыңыз
o Барлық бейнені жою үшін «Опциялар» - «Барлық файлдарды жою» тармағын басыңыз
o Қаралып жатқан сақталу орнын ӛзгерту үшін «Опциялар» - «Сақтау орны» тармағын басып, керекті орынды
таңдаңыз
o Бейнеплеерден файлдарды Bluetooth арқылы жіберуге болады. Ол үшін файлды таңдап, «Опциялар» - «Жіберу» -
«Bluetooth арқылы» тармағын басып, тізімнен керекті құрылғыны таңдаңыз немесе жаңа іздеу жасаңыз.
Диктофон
Қосымша «Мультимедиа» мәзірінде орналасқан.
o Дауысты жазуды бастау үшін «Опциялар» - «Жаңа жазу» тармағын басыңыз
o Дауысты жазуды тоқтату үшін «Тоқтату» батырмасын басыңыз. Егер дауысты жазуды уақытша тоқтату қажет болса,
«Уақытша тоқтату» батырмасын басыңыз
o Жазылған дауыстар тізімін «Опциялар» - «Тізім» тармағынан кӛріге болады. Сол жерде оларды тыңдап шығуға да
болады
Радио
Қосымша «Мультимедиа» мәзірінде орналасқан.
o Каналдарды авто іздеуді бастау үшін «Опциялар» - «Авто іздеу» тармағын басыңыз
o Каналдарды қолмен іздеуді бастау үшін «Опциялар» - «Қолмен енгізу» тармағын басыңыз немесе джойстикті
пайдаланыңыз (солға/оңға батырмалары алдыңғы/келесі радио стансасын іздейді, ал жоғары/тӛмен батырмалары
жиілікті 0,1 бӛлікке үлкейтіп/кішірейтеді)
o Радионы тыңдау үшін алдын ала құлаққаптарды жалғаңыз, себебі олар антенна болып табылады. Содан кейін
«Опциялар» - «Каналдар» тармағын басу арқылы тыңдайтын каналды таңдаңыз
Аудиоплеер
Қосымша «Аудиоплеер» мәзірінде орналасқан.
o Егер ойнату тізімінде ән жоқ болса оларды қолмен қосуға болады. Ол үшін «Тізім» - «Опциялар» - «Күйлеулер»
мәзірінде «Автоматты түрде жасалынған тізім» тармағында «Сӛндіру» тармағын таңдаңыз. Содан кейін керекті
әндерді тізімге енгізіңіз. Ол үшін «Тізім» - «Опциялар» - «Қосу» тармағын таңдап барлық керекті файлдарды
белгілеңіз.
o Тізімде әндер пайда болғаннан кейін оларды ойнатуға болады. Ол үшін джойстиктің ортаңғы батырмасын басыңыз,
осы батырмаға қайта бассаңыз ән уақытша тоқтатылады.
o Ойнатуды тоқтату үшін джойстиктің тӛмен батырмасын басыңыз
o Келесі әнді тыңдау үшін джойстиктің оңға деген батырмасын басыңыз
o Алдыңғы әнді тыңдау үшін джойстиктің солға деген батырмасын басыңыз
o Джойстиктің жоғарғы батырмасын басу арқылы әнді немесе бүкіл тізімді қайтадан қайталау режиміне енгізуге
болады
o Ән ойнату кезінде дыбыс «*» және «#» бастырмаларымен реттеледі
Күйлеулер
Әуендер

Содержание