LG 43LF630V [46/135] D кескіндерді көру тек 3d модельдер

LG 43LF630V [46/135] D кескіндерді көру тек 3d модельдер
ҚАЗАҚША
7
Көру күйіне (сол/оң/үсті/асты) байланысты панельдің әр
түрлі жарықтығын және түсін табуға болады.
Сондай-ақ, бұл құбылыс панельдің сипаттамасына
байланысты орын алады. Ол өнімнің жұмысына қатысты
емес, әрі ақаулық болып табылмайды.
* LG ЖШД теледидар ЖШД артқы жарығы бар СКД
экранына қолданылады.
Қозғалыссыз кескінді (мысалы, тарату арнасының
логотипі, экрандағы мәзір, бейне ойынынан алынған
көрініс) ұзақ уақыт бойы көру экранды зақымдап, кескіннің
сақталуына әкелуі мүмкін. Бұл қалдық кескін ретінде
белгілі. Бұл кепілдік өнімдегі қалдық кескінді қамтымайды.
Теледидар экранында ұзақ уақыт бойы бекітілген кескінді
көрсетпеңіз (СКД үшін 2 сағат немесе одан көп, плазма
дисплейі үшін 1 сағат немесе одан көп).
Сондай-ақ, егер теледидардың кадр пішімі ұзақ уақыт
бойы 4:3 болса, экранның жоғарғы және төменгі жағында
кескін ізі пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын
алады және алмастыруға немесе ақшаны қайтаруға
жатпайды.
Шығарылған дыбыс
Тырс еткен дыбыс: теледидарды көріп отырғанда
немесе өшіргенде шығатын дыбыс, температура мен
ылғалдылыққа байланысты пластикалық жылу сығылуы
нәтижесінде пайда болады. Бұл дыбыс — температура
деформациясы талап етілетін барлық өнімдер үшін
ортақ құбылыс. Электр тізбегінің гуілдеген/панельдің
дызылдаған дыбыс шығаруы: өнімді істету үшін токтың
үлкен мөлшерін жеткізгенде, жылдамдығы жоғары
коммутация схемасынан шығады. Өнімге байланысты
әртүрлі болады.
Бұндай дыбыстың шығуы өнімнің жұмыс сапасы мен
сенімділігіне әсер етпейді.
Теледидар жанында жоғары кернеулі электр
құрылғыларды пайдаланбаңыз(мысалы, электр маса
өлтіргішті). Бұл өнім жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
3D кескіндерді көру (тек 3D модельдер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Көру ортасы
Көру уақыты
-- 3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15
минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды
ұзақ уақыт бойы көру бастың ауыруын, бас
айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме
түсуін тудыруы мүмкін.
Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы ауруы
бар адамдар
3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде,
кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе әдеттен тыс
белгілер болуы мүмкін.
Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз және/немесе
эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б.
сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді
көрмеңіз.
3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео
аномалиясына шалдыққан адамдарға ұсынылмайды.
Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық
пайда болуы мүмкін.
Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар
көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті сезуде
мәселеңіз болуы мүмкін және қос кескіндерге
байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін. Орташа
үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау
ұсынылады.
Егер көру қабілетіңіз оң және сол көзіңізде әр түрлі
болса, 3D мазмұнды көру алдында көру қабілетіңізді
тексертіңіз.
3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан ұстануды
қажет ететін белгілер
3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс
істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде
көрмеңіз.
Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/
көруді тоқтатыңыз және белгі кеткенше жеткілікті
демалыңыз.
-- Бұл белгілер кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.
Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының
ауыруын, бас айналуды, жүрек айнуын, тез
жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты,
қос кескінді, көру ыңғайсыздығын немесе
қалжырауды қамтиды.

Содержание

Похожие устройства