LG 43LF630V [55/135] Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал ескертуі туралы ақпарат

LG 43LF630V [55/135] Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал ескертуі туралы ақпарат
16
ҚАЗАҚША
Magic remote басқару құралын
пайдалану жолы
Экранға көрсеткіні шығару үшін, Magic remote басқару
құралын ақырын оңға жəне солға сілкіңіз немесе
(БАСТАПҚЫ),
(КІРІС), түймелерін басыңыз.
(Кейбір теледидар үлгілерінде дөңгелек түймені
бұрғанда меңзер көрсетіледі.)
Көрсеткі белгілі бір уақыт бойы қолданылмаса немесе
Magic remote басқару құралы тегіс бетке қойылса, онда
көрсеткі экраннан жоғалады.
Егер меңзер бір қалыпты жауап бермесе, экранның
шетіне жылжыту арқылы меңзерді қалпына келтіруге
болады.
Қосымша мүмкіндіктердің болуына байланысты, Magic
remote басқару құралында батарея қуаты қалыпты
қашықтан басқару құралдарына қарағанда тезірек
бітеді.
Сақтық шаралары
Қашықтан басқару құралын белгіленген ауқымда (10 м)
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны белгіленген ауқымнан
тыс пайдаланғанда немесе сол ауқымда кедергілер
бар болса, байланыс қателері орын алуы мүмкін.
Қосалқы құралдарға байланысты байланыс қателері
орын алуы мүмкін.
Микротолқынды пеш сияқты құрылғылар жəне сымсыз
жергілікті желі сиқырлы қашықтан басқару құралымен
бірдей (2,4 ГГц) жиілікте істейді. Сол себептен
байланыс қателері орын алуы мүмкін.
Сымсыз маршрутизатор (кіру нүктесі) теледидардан 1
метр қашықтықта болса, сиқырлы қашықтан басқару
құралы дұрыс істемеуі мүмкін.
Сымсыз маршрутизатор теледидардан 1 метрден
көбірек қашықтықта болуы керек.
Батареяны бөлшектеуге немесе қыздыруға болмайды.
Батареяны түсіріп алмаңыз. Батареяны қатты соғып
алмаңыз.
Батарея дұрыс салынбаса, жарылуы мүмкін.
Лицензиялар
Қолдау көрсетілетін лицензиялар модельге қарай əр түрлі
болуы мүмкін. Лицензиялар туралы қосымша ақпаратты
www.lg.com торабынан қараңыз.
Бастапқы коды ашық
бағдарламалық құрал ескертуі
туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL жəне басқа да бастапқы
коды ашық лицензиялардағы бастапқы кодты алу үшін
http://opensource.lge.com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті лицензиялардың
шарттарын, кепілдік міндеттерінен бас тарту құжаттарын
жəне авторлық құқық туралы мəліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы тарату шығынын қамтитын
ақыға (дерек тасығышының құны, жеткізу жəне өңдеу)
opensource@lge.com мекенжайына электрондық пошта
арқылы сұрау жіберілгенде бастапқы кодты ықшам дискіде
жеткізуді ұсынады. Бұл ұсыныс осы өнімді сатып алған
уақыттан бастап үш (3) жыл ішінде жарамды болады.

Содержание

Похожие устройства