HP LaserJet CP1025 [11/16] Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе жүктеп алу

HP LaserJet CP1025 [11/16] Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе жүктеп алу
11
Бағдарламалық
құралды орнату
файлдарын табу немесе
жүктеп алу
Өнімнің ықшам дискісінен
орнату
Windows үшін бағдарламалық құралды орнату
файлдары өніммен берілген ықшам дискіде
беріледі.
OS X үшін ықшам дискідегі орнатушы файлы
файлдарды Интернеттен жүктеп алуға
арналған сілтемені қамтиды.
Орнату бойынша ескертпелер
Өнімнің бағдарламалық құралы туралы
қосымша мәліметтерді өнімнің ықшам
дискісіндегі Install Notes (Орнату бойынша
ескертпелер) файлынан қараңыз.
Интернеттен жүктеу
1. www.hp.com/support/ljcp1020series
торабына өтіңіз.
2. Download (Жүктеп алу) астындағы
Drivers, Software & Firmware (Драйверлер,
бағдарламалық құралдар және
микробағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
3. Тізімнен өнім үлгісін таңдаңыз.
4. Операциялық жүйені таңдаңыз.
5. Пайдаланылатын бағдарламалық құрал
опциясын анықтаңыз, одан кейін оның
жанындағы DOWNLOAD (ЖҮКТЕП АЛУ)
түймесін басыңыз.
Сымсыз желі қосылымы
(тек
nw)
Бірінші әдіс: Егер сымсыз маршрутизатор
WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы)
стандартын қолдаса, бұл өнімді сымсыз
желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Сымсыз маршрутизатордағы «WPS»
түймесін басыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Wireless
(Сымсыз)
түймесін екі секунд басып
тұрыңыз. «Сымсыз байланыс» шамы
жыпылықтағанша, түймені басып
тұрыңыз.
3. Өнім сымсыз маршрутизатормен
байланыс орнатқанша, екі минут күтіңіз.
Екінші әдіс: Егер сымсыз маршрутизатор
WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы)
стандартын қолдамаса, өнімді
сымсыз желіде орнату үшін осы әдісті
пайдаланыңыз. Бұл әдіс параметрлерді
тасымалдау үшін USB кабелін
пайдаланады. Орнату аяқталғанда кабельді
ажыратыңыз. Сымсыз маршрутизатордағы
«WPS» түймесін басыңыз.
1. Бағдарламалық құралды дискісін
компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сұралған кезде, Connect through a
wireless network (Сымсыз желі арқылы
қосылу) параметрін таңдаңыз. Сұралған
кезде өнімге USB кабелін қосыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Орнату бағдарламасы
ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің
SSID атауы бар екенін тексеру үшін
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
(Конфигурация бетін басып шығару
үшін Resume (Жалғастыру)
түймесін
бес секунд бойы басып тұрыңыз.)
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін
ажыратыңыз.

Содержание