HP LaserJet CP1025 [14/16] Ақаулықтарды жою

HP LaserJet CP1025 [14/16] Ақаулықтарды жою
14
Сымды (Ethernet)
желі қосылымы
Дұрыс ұзындықтағы кабельді
пайдаланып, өнімнің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
Желі портының жанындағы шамның
жанып тұрғанын тексеріңіз.
Компьютерде баспа драйвері
орнатылғанын тексеріңіз.
Желі ақпаратын жіберу арқылы желі
байланысын тексеріңіз:
Windows: Start (Бастау) > Run (Іске қосу)
тармағын таңдаңыз. cmd деп теріп Enter
пернесін басыңыз. «Ping» деп теріңіз, бос
орын енгізіңіз, өнімнің IP мекенжайын
теріңіз, одан кейін Enter пернесін
басыңыз.
OS X: желі утилитасын ашып, Ping
аймағына IP мекенжайын теріңіз. Enter
пернесін басыңыз.
Егер терезе ақпарат жіберу уақытын
көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
Егер ping жұмыс істемесе, өнімді қайта
іске қосып, қосылым қадамдарының
барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Ақаулықтарды жою
Сымсыз желі
қосылымы
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз.
Желі кабелі қосылып тұрғанда, өнім
сымсыз желіге қосыла алмайды.
Өнімнің және сымсыз
маршрутизатордың қосылып тұрғанын
және қуаты бар екенін тексеріңіз.
Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын
да тексеріңіз.
Өнім сымсыз желінің ауқымында екенін
тексеріңіз.
Көптеген желілер үшін, өнім сымсыз кіру
нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м
(100 фут) асатын ауқымында болуы тиіс.
Компьютерде баспа драйвері
орнатылғанын тексеріңіз.
Компьютер және өнім бірдей сымсыз
желіге қосылғанын тексеріңіз.
Mac үшін сымсыз маршрутизатордың
Bonjour желісін қолдайтындығын
тексеріңіз.
Сымсыз маршрутизаторды қайта іске
қосыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығына өнімді пайдалану және ақауларды жою туралы ақпарат кіреді.
Оны өнімнің ықшам дискісінен және мына веб-сайттан алуға болады:
1. www.hp.com/support/ljcolorm251series торабына өтіңіз.
2. Manuals (Нұсқаулықтар) түймесін басыңыз.
Windows жүйесі үшін ұсынылған бағдарламалық құралды орнату барысында пайдаланушы
нұсқаулығы компьютерге көшіріледі.
Windows® XP, Windows Vista® және Windows® 7:
Start (Бастау) түймесін басып, Programs
(Бағдарламалар) немесе All Programs (Барлық бағдарламалар), HP тармағын таңдаңыз, HP
принтері үшін қалтаны, одан кейін Help (Анықтама) тармағын таңдаңыз.
Windows® 8: Start (Бастау) экранында, экранның бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен
басып, бағдарламалар тақтасынан All Apps (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдаңыз,
одан кейін принтердің аты бар белгішені басыңыз да, Help (Анықтама) тармағын таңдаңыз.

Содержание