Philips HP 6541 [58/144] Қазақша

Philips HP 6541 [58/144] Қазақша
- Жалпы ақпарат: эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге жасаған
ыңғайлы әрі қолайлы. Түктер ұзындау болса, алдымен қырып тастап,
қайта өскен түктерді 1 немесе 2 аптадан кейін эпиляциямен кетіруді
ұсынамыз. (Cурет 7)
Эпиляция
1 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Құрал «II» жылдамдығында істей бастайды, бұл эпиляция жасаудың ең
тиімді жылдамдығы болып келеді.
Ескертпе «I» жылдамдығын пайдалану керек болса, қосу/өшіру түймесін екінші
рет басыңыз. «I» жылдамдығы түгі аз, қол жетуі қиын және сүйекті жерлерге
(тізе мен тобық сияқты) ыңғайлы болып келеді.
2 Түктерді көтеру үшін, теріні бос қолыңызбен тартып тұрыңыз. Қосу/өшіру
түймесін эпилятор жүргізілетін жаққа қаратып, эпилятор ұшын теріге 90°
бұрышта орналастырыңыз (Cурет 8).
- Суретте көрсетілген жолмен бикини тұсына эпиляция жасаңыз.
- Қолтық астына суретте көрсетілгендей эпиляция жасаңыз.
3 Құралды денеңіздің үстінен шашыңыздың өсуіне қарсы етіп, сәл
басыңқырып, жәймен жылжытыңыз (Cурет 9).
4 Құралды өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін үшінші рет басыңыз (Cурет 10).
Кеңес Қолтықтың эпиляциясын жасағанда, жақсы сырғуы үшін әдеттегі душ
гелінің біраз мөлшерін пайдаланыңыз.
Кеңес Теріні босаңсыту үшін, эпиляциядан кейін дереу немесе бірнеше сағат
өткенде ылғалдандыратын крем жаққан жөн. Қолтықтарға спирті бар жұмсақ
дезодорант себіңіз.
Қызып кетуден қорғау
Бұл функция құралдың қызып кетуіне жол бермейді.
Ескертпе Эпилятордың ысуына жол бермеу үшін құралды денеге қатты басуға
болмайды. Теріге қатты баспай, жұмсақ жүргізілгенде эпилятор өте жақсы
нәтиже береді.
Қызып кетуден қорғау мүмкіндігі қосылған жағдайда, құрал автоматты түрде
өшіп, заряд шамы 30 секунд бойы қызыл болып жыпылықтайды.
Құрылғының салқындауына мүмкіндік беріп, қайта қосу арқылы қызып кету
қорғауын қалпына келтіруге болады.
Ескертпе Заряд шамының қызыл түспен қайта жыпылықтауы құралдың толық
суымағанын білдіреді.
ҚАЗАҚША58

Содержание

Скачать