Philips HP 6541 [61/144] Қазақша

Philips HP 6541 [61/144] Қазақша
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Бөлшегін ауыстыру немесе қосымша бөлшек сатып алу керек болса, Philips
дилеріне хабарласыңыз немесе www.philips.com/shop веб-торабына өтіңіз.
Бөлшектерді алуда проблемалар туындаса, еліңіздегі Philips тұтынушыларға
қолдау орталығына хабарласыңыз.
Қоршаған орта
- Тозғаннан кейін, құралдарды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Қайта өндейтін арнайы жерге өткізіңіз. Осылайша қоршаған ортаны
сақтауға көмегіңізді тигізесіз. (Cурет 23)
Эпилятор
- Құралдың ішіне орнатылған қайта зарядталатын батареялардың құрамында
қоршаған ортаны ластайтын заттар бар. Құралдың батареяларын шығарып,
арнайы жинау орнына өткізіңіз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын
орынға өткізіңіз. Егер батареяны шығаруда қандай да бір қиындық туса, құралды
Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық қызметкерлері
батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды (Cурет 24).
Қайта зарядталатын батареяларды алу
1 Құралды адаптерден ажыратыңыз. Батарея заряды толығымен таусылғанша
құралды істетіңіз.
2 Эпилятор басын шешіп, құралды бұрауышпен ашыңыз. (Cурет 25)
3 Бұрауышты басып шығарылған схема тақтайшасындағы кішкентай ұяға
кіргізіңіз (1). Басып шығарылған тақтайша мен батарея арасындағы
қосылым ажыратылғанша бұрауышты бұраңыз (2) (Cурет 26).
4 Қайта зарядталатын батареяны құрылғыдан бұрауыш көмегімен суырып
алыңыз (Cурет 27).
Ескерту Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыруға әрекет жасамаңыз.
Батареяларын шығарғаннан кейін, құралды ток көзіне қоспаңыз.
ҚАЗАҚША 61

Содержание

Скачать