Philips HP 6577 [50/128] Қазақша

Philips HP 6577 [50/128] Қазақша
50
Маңызды
Эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды және Smart Tweezers
қысқыштарын пайдаланбас бұрын пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
- Эпиляторды ваннада зарядтағанда ұзартқыш қуат сымын
пайдаланбаңыз (Cурет 2).
Абайлаңыз
- Зақымданған болса, құрылғыны, қосымшаны немесе адаптерді
пайдаланбаңыз. Зақымданған Smart Tweezers қысқыштарын
пайдаланбаңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны
тек түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық мүмкіндігі, сезімталдығы
төмен және ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі
аз адамдар (соның ішінде балалар) эпиляторды, жоғары дәлдікті
эпиляторды және Smart Tweezers қысқыштарын қолданбауы керек.
- Балалардың эпилятормен, жоғары дәлдікті эпилятормен және
Smart Tweezers қысқыштарымен ойнамауын қадағалаңыз.
- Smart Tweezers қысқыштары ішіндегі түйме тәріздес батареяларды
балалар және үй жануарлары ұстамайтын жерде сақтаңыз. Түйме
тәрізді батареялар тұншығып қалу қаупін тудырады.
- Қысқа тұйықтау болмау үшін, эпилятордың штепсельдік ұшына
арналған ұяға темірі бар затты кіргізбеңіз.
Ескерту
- Эпилятор тек әйелдер денесіндегі мойыннан төмен орналасқан
түктерді (қолтық, бикини тұсы және аяқ) жұлуға арналған. Оны
басқа мақсатта қолдануға болмайды.
ҚАЗАҚША50

Содержание

Скачать