Philips HD9140 ⁄ 90 [60/144] Сақтау

Philips HD9140 ⁄ 90 [60/144] Сақтау
Ескертпе. Қақтан тазалағаннан болса да, құрылғы қолданыста болған кезде, қақтан тазалау
жарығы 1 сағат жыпылықтап тұрады. Егер құрылғыны осы 1 сағат ішінде қақтан тазаламаса,
қақтан тазалау жарығы автоматты түрде сөнеді. Құрылғыны 15 сағат пайдаланған соң, ол
қайта жанады.
1 Су ыдысын ақ сірке суымен (8% сірке қышқылы) ең жоғарғы деңгейге дейін
толтырыңыз.
Басқа қақтан тазалау сұйықтықтарын қолдануға болмайды.
2 Тамшы науасы мен 1-табақты негізгі бөлікке дұрыстап орнатыңыз (Cурет 7).
3 1-табақты қақпақпен жабыңыз (Cурет 10).
4 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
5 Мәзір түймесін және «+» немесе «-» түймесін басып, құралды 25 минутқа қосып
қойыңыз.
Сірке суы негізгі бөліктің шетінен тасып қайнап кетсе, құралды розеткадан ажыратып, сірке
суын азайтыңыз.
6 25 минуттан соң, құралды розеткадан ажыратып, сірке суын әбден суытып алыңыз. Одан
кейін, су ыдысын босатыңыз.
7 Су ыдысын суық сумен бірнеше рет шайып жіберіңіз.
Ескертпе. Егер су ыдысында әлі де қақ бар болса, осы процедураны тағы қайталаңыз.

1 Құралды сақтап қояр алдында, оның барлық бөліктерінің таза екенін тексеріңіз.
(«Тазалау» тармағын қараңыз).
2 3-бумен пісіру табағын тамшы науасына қойыңыз.
3 Алынбалы түптердің 2 және 3-бумен пісіру ыдыстарына салынғанын тексеріңіз.
4 2-бумен пісіру табағын 3-бумен пісіру табағының ішіне салыңыз. 1-бумен пісіру табағын
2-бумен пісіру табағына салыңыз. (Cурет 17)
5 XL табағын бумен пісірудің басқа табақтарының үстіне қойыңыз.
6 XL табағын қақпақпен жабыңыз.
7 Қуат сымын жинап қою үшін, негізгі бөліктегі сымды жинап қоятын орнына
кіргізіңіз (Cурет 18).

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға
болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.

- Жұмыс мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта
өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін
тигізеді (Cурет 19).
60

Содержание

Скачать