17
KZ
Дисплей
Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп ақпарат береді.
Пайдалануға болатын әртүрлі бағдарламалардың мерзімі көрсетіледі және цикл басталғаннан кейін қалған уақыт
та көрсетіледі (Дисплейде таңдалған циклдың максималды ұзақтығы көрсетіледі, бірақ бағдарламаның нақты
ұзақтығы жуу жүктемесі мен таңдалған параметрлерге байланысты болғандықтан, ол бірнеше минуттан кейін
азаюы мүмкін); КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясы орнатылған болса, таңдалған жуу циклының басталуына дейінгі кері
санақ көрсетіледі.
Тиісті түймені басу арқылы орнатылған жуу циклы барысында құрылғыда қолданылатын ең жоғары сығу
жылдамдығы мен температура мәндерін немесе, орнатылған жуу циклымен сыйысымды болса, ең соңғы
таңдалған мәндерді көруге болады.
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы:
Жанып тұрған таңба есік құлыптаулы екенін білдіреді. Кез келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын
таңбаның сөнгенін күтіңіз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшсе, есікті ашуға болады (3 минуттай күтесіз).