LG 43lf634v [34/86] D кескіндерді көру тек 3d модельдер

LG 43lf634v [34/86] D кескіндерді көру тек 3d модельдер
ҚАЗАҚША
7
Көру күйіне (сол/оң/үсті/асты) байланысты панельдің əр
түрлі жарықтығын жəне түсін табуға болады.
Сондай-ақ, бұл құбылыс панельдің сипаттамасына
байланысты орын алады. Ол өнімнің жұмысына қатысты
емес, əрі ақаулық болып табылмайды.
Қозғалыссыз кескінді (мысалы, тарату арнасының
логотипі, экрандағы мəзір, бейне ойынынан алынған
көрініс) ұзақ уақыт бойы көру экранды зақымдап, кескіннің
сақталуына əкелуі мүмкін. Бұл қалдық кескін ретінде
белгілі. Бұл кепілдік өнімдегі қалдық кескінді қамтымайды.
Теледидар экранында ұзақ уақыт бойы бекітілген кескінді
көрсетпеңіз (СКД үшін 2 сағат немесе одан көп, плазма
дисплейі үшін 1 сағат немесе одан көп).
Сондай-ақ, егер теледидардың кадр пішімі ұзақ уақыт
бойы 4:3 болса, экранның жоғарғы жəне төменгі жағында
кескін ізі пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын
алады жəне алмастыруға немесе ақшаны қайтаруға
жатпайды.
Шығарылған дыбыс
Тырс еткен дыбыс: теледидарды көріп отырғанда
немесе өшіргенде шығатын дыбыс, температура мен
ылғалдылыққа байланысты пластикалық жылу сығылуы
нəтижесінде пайда болады. Бұл дыбыс — температура
деформациясы талап етілетін барлық өнімдер үшін
ортақ құбылыс. Электр тізбегінің гуілдеген/панельдің
дызылдаған дыбыс шығаруы: өнімді істету үшін токтың
үлкен мөлшерін жеткізгенде, жылдамдығы жоғары
коммутация схемасынан шығады. Өнімге байланысты
əртүрлі болады.
Бұндай дыбыстың шығуы өнімнің жұмыс сапасы мен
сенімділігіне əсер етпейді.
Теледидар жанында жоғары кернеулі электр
құрылғыларды пайдаланбаңыз(мысалы, электр маса
өлтіргішті). Бұл өнім жұмысының бұзылуына əкелуі мүмкін.
3D кескіндерді көру (тек 3D модельдер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Көру ортасы
Көру уақыты
- 3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15
минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды
ұзақ уақыт бойы көру бастың ауыруын, бас
айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме
түсуін тудыруы мүмкін.
Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы ауруы
бар адамдар
3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде,
кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе əдеттен тыс
белгілер болуы мүмкін.
Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз жəне/немесе
эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б.
сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді
көрмеңіз.
3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео
аномалиясына шалдыққан адамдарға ұсынылмайды.
Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық
пайда болуы мүмкін.
Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар
көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті сезуде
мəселеңіз болуы мүмкін жəне қос кескіндерге
байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін. Орташа
үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау
ұсынылады.
Егер көру қабілетіңіз оң жəне сол көзіңізде əр түрлі
болса, 3D мазмұнды көру алдында көру қабілетіңізді
тексертіңіз.
3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан ұстануды
қажет ететін белгілер
3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс
істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде
көрмеңіз.
Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/
көруді тоқтатыңыз жəне белгі кеткенше жеткілікті
демалыңыз.
- Бұл белгілер кетпесе, дəрігерге қаралыңыз.
Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының
ауыруын, бас айналуды, жүрек айнуын, тез
жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты,
қос кескінді, көру ыңғайсыздығын немесе
қалжырауды қамтиды.
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің
ұзындығынан екі еселік қашықтықта
көруді ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде
ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан
алыстау отырыңыз.
Көру жасы
Сəбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды
пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс
жауап береді жəне тым əсерленеді, өйткені
олардың көздері жетілуде (мысалы: экранды
түрту əрекеті немесе оған секіру əрекеті. 3D
мазмұнды көріп отырған балаларға ерекше
назар аудару керек.

Содержание

Скачать