LG 43lf634v [36/86] Бөлек сатылады

LG 43lf634v [36/86] Бөлек сатылады
ҚАЗАҚША
9
Бөлек сатылады
Бөлек сатып алынатын бұйымдар сапаны жақсарту үшін еш
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Осы заттарды сатып алу үшін дилеріңізге хабарласыңыз.
Бұл құрылғылар белгілі бір модельдерде ғана жұмыс
істейді.
Үлгі аты немесе дизайны өнім функциясының
жаңартылуына, өндіруші жағдайларына немесе
саясаттарына байланысты өзгертілуі мүмкін.
(Модельге байланысты)
AG-F***
Cinema 3D
көзілдірігі
AN-MR600
Сиқырлы сермеу
қашықтан басқару
құралы
AN-VC5**
Smart
камерасы
AG-F***DP
Dual play (Екі
жақты ойнату)
көзілдірігі
LG дыбыс
құрылғысы
Техникалық қызмет көрсету
Теледидарды тазалау
Өнім жақсы істеуі жəне оның жұмыс мерзімін арттыру үшін
теледидарды жиі жаңартып жəне тазалап тұрыңыз.
Алдымен, теледидарды өшіріп, қуат сымы мен басқа
кабельдерді ажыратыңыз.
Теледидар ұзақ уақыт қараусыз қалса жəне
пайдаланылмаса, найзағайдан жəне кернеудің
өзгеруінен пайда болатын зақымдардан сақтау үшін,
қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
Экран, жақтау, корпус жəне тірек
Шаңды немесе кішкене кірді кетіру үшін, бетті құрғақ, таза
жəне жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Көп кірді кетіру үшін, бетті таза немесе жұмсақ жуғыш
зат қосылған суға малынған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Одан соң, дереу құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Тырнақпен немесе үшкір затпен бетін итермеңіз,
ысқыламаңыз немесе соқпаңыз. Экран бетінде
сызықтар пайда болып, бейне бұрмалануы мүмкін.
Химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Олар өнімді
зақымдайды.
Экран бетіне сұйықтық шашпаңыз. Теледидарға су
кірген жағдайда, өрт, электр соғуы орын алуы немесе
теледидар істемей қалуы мүмкін.
Қуат сымы
Қуат сымында жиналған шаң мен кірді жиі сүртіп тұрыңыз.
Теледидарды көтеру жəне
жылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде,
теледидарды сырылу жəне зақымнан қорғап, түріне жəне
көлеміне қарамастан қауіпсіз түрде тасымалдау үшін,
төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Теледидарды зауытта салынған қорабында немесе
орамында тасымалдаған жөн.
Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін, алдымен
қуат сымын жəне барлық кабельдерді ажырату керек.
Теле
дидарды ұстағанда, зақымды болдырмау үшін
экран сізге қарамай тұруы керек.
Теледидар жақтауының жоғарғы жағы мен түбін
жақсылап ұстаңыз. Мөлдір бөлікті, динамикті немесе
динамик торының аймағын ұстамаңыз.
Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы
керек.
Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі
суретте көрсетілгендей ұстау керек.
Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз.
Жанына жатқызбаңыз жəне сол немесе оң жағына
қарай еңкейтпеңіз.
Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс
күш салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
Теледидарды ұстағанда шығыңқы джойстик түймесін
зақымдап алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Теледидарды жылжытқанда, кабель ұстағышынан
ұстамаңыз: ол үзіліп, жарақаттауы немесе
теледидарды зақымдауы мүмкін.
• Бұрандалардың дұрыс кіргізіліп, мықтап
қатайтылғанын тексеріңіз. (Егер олар жеткілікті
дəрежеде мықтап қатайтылмаса, теледидар
орнатылғаннан кейін алға қарай еңкейіп қалуы
мүмкін.) Бұрандаларға тым көп күш жұмсап, тым қатты
тартпаңыз, əйтпесе бұранда бүлініп, дұрыс бұралмауы
мүмкін.
Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы
керек.
Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі
суретте көрсетілгендей ұстау керек.
AN-WF500
Wi-Fi/Bluetooth
қорғаныс құралы
* Сиқырлы қашықтан басқару құралы мен LG Audio Device
(сымсыз) құрылғысын тек Wi-Fi/Bluetooth адаптерін
пайдаланғанда қолдана аласыз.
• Тіректі теледидарға бекіткен кезде, экран сырылып
қалмауы үшін оның бетін төмен қаратып, төсем
төселген үстелге немесе тегіс бетке қойыңыз.

Содержание

Скачать