Samsung BD-D5300K Инструкция по эксплуатации онлайн [140/204] 1511
![Samsung BD-D5300K Инструкция по эксплуатации онлайн [140/204] 1511](/views2/1001718/page140/bg8c.png)
4 Қазақша
Қауіпсіздік ақпараты
Сақтық шаралар
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану
нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Төменде
берілген қауіпсіздік нұсқауларын қадағалаңыз.
Осы пайдалану нұсқауларын болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1. Осы нұсқауларды оқыңыз.
2. Осы нұсқауларды сақтаңыз.
3. Барлық ескертулерге назар аударыңыз.
4. Барлық нұсқауларды орындаңыз.
5. Бұл өнімді суға жақын жерде пайдаланбаңыз.
6. Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
7. Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндіруші
нұсқауларына сай орнатыңыз.
8. Жылу батареялары, жылытқыштар,
пештер немесе басқа жылу шығаратын кез
келген аппараттардың (соның ішінде, AV
ресиверлер) жанына орнатпаңыз.
9. Полярланған немесе жерге қосылатын
штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын
бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың бірі
екіншісінен кеңірек болатын екі істікшесі
болады. Жерге тұйықталатын штепсельдік
ұштың екі жай және бір жерге тұйықталған
істікшесі болады. Кең жақтау немесе үшінші
өскін сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.
Егер қамтамасыз етілген штепсельдік ұш
розеткаға келмесе, ескі розетканы ауыстыру
мақсатында электр маманына хабарласыңыз.
10. Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз, сондай-
ақ оның әсіресе штепсельдік ұшқа жалғасатын,
розеткаға жақын болатын және жабдықтан
шығатын бөлігін қысылып қалудан сақтаңыз.
11. Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/
қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.
12. Өндіруші көрсеткен немесе
құралмен бірге сатылған арба
(дөңгелекті үстел), тұрақ,
штатив, кронштейн немесе
үстелді ғана пайдаланыңыз.
Арбаны пайдаланған
жағдайда, төңкерілудің нәтижесінде туындайтын
жарақаттардың алдын алу үшін арба/аппаратты
қозғаған кезде қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.
13. Найзағай мен дауылдарда немесе көп
уақыт пайдаланбағанда, өнімді ток көзінен
ажыратыңыз.
14. Жөндеу қажет болса, тек қана білікті
маманға апарыңыз. Ток өткізуші сым
немесе аша зақымдануы, сұйықтықтың
төгілуі немесе өнімнің үстіне заттардың
құлауы, өнімнің жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалуы, дұрыс жұмыс істемеуі
немесе құлауы сияқты кез келген себеппен
зақым келгенде өнімді тексерту қажет.
Дискіні сақтау және басқару
Дискілерді қолдану
Диск пішіні
• Қалыпты пішіндегі дискілерді
пайдаланыңыз. Әдеттегіден
тыс диск (арнайы пішінді
диск) қолданылса, ойнатқышты зақымдап
алуға болады.
Дискілерді қолмен ұстау
• Деректер жазылған диск бетін
ұстамауға тырысыңыз.
Blu-ray дискілері
• Blu-ray дискісін ойнатқыштың ішінде ұзақ
уақыт бойы қалдырмаңыз. Blu-ray дискісін
ойнатқыштан шығарып, қабында сақтаңыз.
• Blu-ray дискісінің бетінде саусақ іздерін
немесе сызат қалдырмауға тырысыңыз.
DVD-VIDEO, аудио ышқам диск (CD-DA)
• Дискідегі шаңды немесе кірді жұмсақ
шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Дискіні сақтау
Дискіге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз,
себебі дискіде жазылған деректер қоршаған
орта әсерлеріне өте сезімтал.
• Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.
• Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.
• Тігінен қойып сақтаңыз.
• Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз.
• Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы
Похожие устройства
- Karcher NT 80/1 B1 MS Инструкция по эксплуатации
- LG LM-U1060 Инструкция по эксплуатации
- Behringer B-CONTROL NANO BCN44 Инструкция по эксплуатации
- LG BD-670 Инструкция по эксплуатации
- Hitachi WH14DCAL Инструкция по эксплуатации
- Apple MacBook Pro MC725RS/A Инструкция по эксплуатации
- Pioneer GM-X962 Инструкция по эксплуатации
- LG LM-U1050 Инструкция по эксплуатации
- Karcher NT 361 Eco BS Инструкция по эксплуатации
- Sparky BAR 12E Инструкция по эксплуатации
- Pioneer GM-X952 Инструкция по эксплуатации
- Behringer BCF2000 B-CONTROL FADER Инструкция по эксплуатации
- LG BD570 Инструкция по эксплуатации
- LG LM-M140X Инструкция по эксплуатации
- Karcher NT 35/1 Tact Bs Инструкция по эксплуатации
- Behringer BCR2000 B-CONTROL ROTARY Инструкция по эксплуатации
- LG BD-650K Инструкция по эксплуатации
- Pioneer GM-X944 Инструкция по эксплуатации
- Prorab 1720 K2 Инструкция по эксплуатации
- Apple MacBook Pro MC725AC18GRS/A Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения