Philips pt 717/16 [54/134] Қазақша

Philips PT 711 [54/134] Қазақша
54

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Осы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді айтамыз.
Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы ұстараның керемет
мүмкіндіктері жөнінде, әрі қырынуды жеңіл және рахат ететін жақсы
кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

1 Қорғау қақпағы
2 Қыру бөлігі
3 Қырыну бөлігін босату түймесі
4 Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
5 Адаптер
6 Щетка
Ескертпе! Түр нөмірін ұстараның артқы жағынан табуға болады.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.

- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
- Адаптерді ағын су астында жууға тыйым салынады.

- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Құралды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен
тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігіне
жауапты адамның қадағалауымен немесе құралды пайдалану
жөнінде нұсқауымен ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
- Душта пайдалануға тыйым салынады.
- Ванна шетіне, душқа немесе су толтырылатын басқа жерге жақын
жерде бұл құралды пайдалануға болмайды.

- Ұстараны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Ұстараны ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Абайлаңыз! Бұл бөлікті сумен тазаламас бұрын тасымалы бөлігіндегі
алынбалы сымды шығарып алыңыз.


Содержание

Скачать