Philips hd 9141 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/12] 161297

Philips hd 9141 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/12] 161297
- Йогурт жасағыш жұмыс істеп тұрған кезде, оны
жылжытпаңыз немесе үстінен аттамаңыз.
- Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз.
Құралдың ыстық бөліктерін ұстамас бұрын, ас үй
қолғаптарын кийіңіз.
- Құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары
сияқты бумен зақымданатын заттардың астына
немесе жанына қоюға болмайды.
- Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар
бар жерде қолдануға болмайды.
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, құралды таймер
қосқышына немесе қашықтан басқару жүйесіне
жалғамаңыз.
- Су ыдысы ішінде кішкене елек бар. Шығып кеткен
болса, балалар жұтып қоймас үшін, олардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін құралды
әрқашан бөлме температурасында пайдаланыңыз.
Қолайлы температура 20°C және 25°C аралығында.
- Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу
үшін ингредиенттердің әрқашан бөлме
температурасында болуын тексеріңіз.
- Йогурт дайындағаннан кейін, йогурт жасағыштан
шыны чашкаларды алған кезде абайлаңыз, шыны
чашкалар конденсацияға байланысты тайғақ болуы
мүмкін. Тоңазытқышқа салмастан бұрын, шыны
чашкалардың сыртын құрғатыңыз.

Құралды қосқаннан кейін 2 минут ішінде алдын ала
орнатылған түймені баспасаңыз, құрал күту режиміне
өтеді. Орнатылған бағдарлама уақыты өткеннен кейін,
құрал күту режиміне өтеді.

Йогурт жасағышта құрғақ қайнатудан қорғау
функциясы бар. Пайдалану кезінде су ыдысында су
болмаса немесе су таусылса, құрғақ қайнатудан қорғау
функциясы құралды қосулы болса, автоматты түрде
өшіреді. Йогурт жасағышты қайта қолданбастан бұрын
10 минуттай суытып алыңыз.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.

1 Құралды алғашқы рет қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерін
жақсылап тазалаңыз («Тазалау» тарауын қараңыз).
2 Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.



Барлық рецептілер сиыр сүтін пайдалануға негізделген. Қой немесе ешкі сүтін
және соя сүті сияқты көкөніс сүтін де пайдалана аласыз, бірақ йогурттың
тығыздығы пайдаланылған сүт түріне байланысты басқаша болуы мүмкін.
Сүттің майлылығы йогурттың иісіне, құрылымына және құнарлылық мәніне
әсер етеді. Қаймағы алынбаған сүтті пайдалану жартылай майсыздандырылған
сүтті пайдаланғанға қарағанда қоюлау және қаймақты йогуртты береді. Осы
Philips йогурт жасағышы қоюлау йогурт жасау үшін сүтті алдын ала қыздырады.
Келесі сүт түрлері йогурт жасағышта пайдалануға қолайлы:
- Пастерленген сүт
Бұл қаймақты йогуртты береді және бетінде шағын қабық жасайды.
- Ұзақ мерзімді стерильденген сүт немесе УЫТ қаймағы алынбаған сүт
Бұл қою йогурттарды береді.
- Шикі сүт(ферма сүті)
құралды 8 жасқа толған балалар пайдалана алады. 8
жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз
тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізбеуі тиіс. Құрал мен оның сымын 8 жасқа
толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе үстелдің
шетінен қуат сымы салбырап тұрмауы тиіс.
- Ешқашан шикі сүтті пайдаланбаңыз. Жаңа шикі сүтті
әрқашан қайнатып, пайдаланбастан бұрын бөлме
температурасына дейін салқындатыңыз.
- Йогурт жасағышты тамшы науасынсыз ешқашан
пайдалануға болмайды, себебі құрылғыдан ыстық су
шашырауы мүмкін.
- Түпнұсқа негізбен бірге тек себет пен ыдыстарды
пайдаланыңыз.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.

- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы
құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды.
Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз күшін жояды.
- Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары,
ыстық газы, буы бар, сондай-ақ, йогурт жасағыштың
өзінен басқа құралдардан шығатын ылғалды ыстығы
бар жерде сақтамаңыз. Йогурт жасағышты қосылып
тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің
үстіне немесе жанына қоюға болмайды.
- Розеткадан ажыратпас бұрын, құралдың өшірілгенін
тексеріңіз.
- Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан
ажыратып, суытып алу керек.
- Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен,
кеңсе, ферма сияқты жұмыс орындарының асханасы
сияқты орталарда қолдануға жарамайды. Қонақ үй,
мотель, жатақ пен таңғы ас берілетін орындар, басқа
да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе
жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса,
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips
компаниясы болған зақымдарға байланысты кез
келген жауапкершіліктен бас тартады.
- Себет, қақпақ, шыны чашкалар және ыдыстар йогурт
жасағышта йогурт, жаңа ірімшік және десерттер
дайындауға немесе басқа ингредиенттерді бумен
пісіруге арналған. Оларды мұздатқышқа қоймаңыз және
оларды қысқа толқында немесе пеште пайдаланбаңыз.
- Йогурт жасағышты тегіс, көлденең және тұрақты
бетке қойып, оның қатты ысып кетуін болдырмау
үшін, айналасында кемінде 10 см бос жер бар
екендігін тексеріңіз.
- Йогурт жасағыш жұмыс істеп тұрғанда
немесе қақпақты ашқан кезде шығатын ыстық будан
абайлаңыз. Тағамды тексерген кезде, әрқашан ұзын
сабы бар ас үй құралдарын пайдаланыңыз.
- Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз.
Күйіп қалмас үшін, қақпақтағы суды йогурт
жасағышқа ағызыңыз.
- Тағам ыстық кезде, себетті, өлшемді ыдысты, екі ыдысты
(тек HD9142) немесе торды тұтқаларынан ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства