Philips hd 9141 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/12] 161297

Philips hd 9141 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/12] 161297
- Бағдарламаны уақытша тоқтату қажет болса, бағдарлама кезінде
қосылған алдын ала орнатылған түймені бір рет басыңыз.
Бағдарламаны жалғастыру үшін қосылған алдын ала орнатылған
түймені қайтадан басыңыз.
- Бағдарламаны тоқтату қажет болса, қосу/тоқтату түймесін басыңыз.
3 Бағдарлама аяқталған кезде, құрал сигнал шығарады және бір
минуттан кейін ол күту режиміне автоматты түрде ауысады.
4 Қолданғаннан кейін қақпақты абайлап алыңыз.
Қақпақты ашқан кезде құралдан шығатын будан абайлаңыз, жаңа ірімшік, сүт
десерті және бу бағдарламасын пайдаланған кезде айырықша абай болыңыз.
Ескертпе: Күйіп қалмас үшін қақпақты ашқан кезде пеш қолғаптарын
киіңіз. Қақпақты жайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз.
Ескертпе: Тағамды себеттен алу үшін ұзын сапты ас үй құралдарын
пайдаланыңыз.
5 Ашаны қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз және тамшы науасын
алмас бұрын, йогурт жасағышты толығымен суытып алыңыз.
6 Әрбір қолданыстан кейін су құтысын негізді артқа қисайтып, суын
негіздің артынан төгу арқылы босатыңыз (Cурет 7).
Тамшы науасын алғанда және су ыдысын босатқанда абайлаңыз, себебі
екеуіндегі су құралдың басқа бөліктері суыған болса да әлі ыстық болуы
мүмкін.
Ескертпе: Бағдарлама кезінде су ағып кетсе, қайта толтыру шамы су
ыдысын қайта толтыру керектігін көрсету үшін жанады (Cурет 8).
Йогуртты бір адамға жасау
1 Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз және олардың бөлме
температурасында екендігін тексеріңіз.
2 Чашкалардың 2/3-ін сүтпен толтырыңыз. Бір ас қасық йогуртқа орын
қалдырыңыз (Cурет 9).
Ескертпе: 6 чашкадан аз йогурт дайындауыңыз керек болса, қалған
чашкаларды сумен толтырыңыз.
3 Толтырылған чашкаларды (қақпақсыз) себетке
орналастырыңыз (Cурет 10).
4 Қақпақты себеттің үстіне қойыңыз (Cурет 11).
5 Бағдарламаны бастау үшін йогуртты бір адамға жасау алдын ала
орнатылған түймесін басыңыз (Cурет 12).
, Әдепкі 8 сағаттық дайындау уақыты дисплейде пайда болады.
Ескертпе: Дайындау уақытын реттеу қажет болса, таймер + және
- түймелерін басыңыз. Йогуртты бір адамға жасау бағдарламасын
6 сағаттан 10 сағатқа дейін реттей аласыз (Cурет 13).
, Қоюлау және дәмділеу йогурт жасау үшін құрал сүтті процесс
басында 80°C-қа ысытады.
, Шамамен 18 минут алатын ысыту кезеңінен кейін, құрал қақпақты
алу керектігін көрсету үшін әр минут сайын 5 рет қайталап сигнал
шығарады.
Қақпағын ашқанда йогурт жасағыштан шығатын будан абайлаңыз.
6 Сүтті тез салқындату үшін қақпақты ашыңыз. Йогуртқа жиналған
суды тамызбау үшін қақпақты міндетті түрде көлденеңінен ашыңыз.
7 Процесті жалғастыру үшін йогуртты бір адамға жасау алдын ала
орнатылған түймесін басыңыз.
Ескертпе: Йогуртты бір адамға жасау алдын ала орнатылған түймесін
баспасаңыз, құрал сигнал шығаруды жалғастырады.
, Сүт салқындағанда және температура шамамен 40 минуттан кейін
шамамен 45°C-қа жеткенде, құрал қайтадан 5 рет қайталап сигнал
шығарады.
8 Сүті бар әрбір чашкаға бір ас қасық йогурт қосыңыз. Одан кейін таза
қасықпен араластырыңыз.
9 Қақпақты себетке қайта қойып, бағдарламаны жалғастыру үшін
йогуртты бір адамға жасау түймесін қайтадан басыңыз.
10 Орнатылған уақыт өткен кезде, құрал сигнал шығарады және 1
минуттан кейін құрал күту режиміне өтеді.
11 Қақпақты ашып, шыны чашкаларды себеттен алыңыз.
Абайлаңыз, шыны чашкалар конденсацияға байланысты тайғақ болуы
мүмкін. Чашкалардың сыртын құрғатыңыз.
12 Қақпақтарды чашкаларға қойыңыз.
13
Йогурты бар жабық чашкаларды тоңазытқышта кемінде 4 сағат сақтаңыз.
Мұны алдымен қайнатып алу керек. Йогурт дайындауға қауіпсіз болу үшін
барлық бактерияны өлтіру мақсатында оны ұзақ уақыт бойы қайнатыңыз.
Оны құралда пайдаланбастан бұрын бөлме температурасына дейін
салқындатыңыз.
- Құрғақ сүт
Бұл өте қаймақты йогуртты береді. Құрғақ сүттің орамындағы пайдалану
нұсқауларын орындаңыз.
Құралда пайдаланбастан бұрын, ингредиенттердің бөлме
температурасында екендігін әрқашан тексеріңіз
Энзим
Сүтті көпірту үшін барлық рецептілер дүкеннен сатып алынған
(коммерциялық) тегіс йогуртты пайдалануға негізделген.
Сондай-ақ, келесілерді пайдалануыңызға болады:
- Соңғы шығару циклінен алынған йогурт. Бұл жағдайда, бұл процесті
міндетті түрде тек бірізді 6 рет қайталаңыз. Йогурттағы белсенді
энзимдердің көлемі азаяды және бұл қоюлығы төмен йогуртты береді.
6 реттен кейін, дүкеннен сатып алынған йогуртты пайдалануыңыз керек.
- Құрғақ немесе мұзбен құрғатылған энзим. Энзимнің орамындағы
пайдалану нұсқауларын орындаңыз.
Тоңазытқышта 12 сағат тұрғаннан кейін, йогурт тұтынуға қолайлы болады.
Йогуртты тоңазытқышта 1 апта сақтауға болады.
Су ыдысын толтыру
Бірінші рет пайдаланбастан бұрын және қайта толтыру
шамы жыпылықтаған бойдан, су ыдысын толтырыңыз.
1 Құралды тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойыңыз.
2 Қуат сымын сымды сақтайтын орыннан тартып шығарыңыз.
3 Су ыдысын сумен MAX (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ) көрсеткішіне дейін
толтырыңыз. (Cурет 2)
, Су ыдысы MAX (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ) көрсеткішіне дейін толтырылған
кезде, йогурт алдын ала орнатылған түймелерін пайдаланғанда
құрал шамамен 16 сағат жұмыс істей алады және жаңа ірімшік, сүт
десерті немесе бу алдын ала орнатылған түймесін пайдаланғанда, ол
шамамен 1 сағат бу шығара алады.
Су ыдысына MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткішінен асырып су құюға болмайды.
Су ыдысына тек қана су құю керек. Су ыдысына ешқашан басқа заттарды
салмаңыз.
4 Тамшы науасын негізгі бөліктегі су ыдысының үстіне
орнатыңыз (Cурет 3).
Ескертпе: Құралды тамшы науасынсыз қолдануға болмайды.
5 Себетті тамшы науасына салыңыз (Cурет 4).
Құрылғыны пайдалану
- Йогурт жасағышта 6 бағдарлама бар: (Cурет 5)
1 Йогуртты бір адамға жасау
2 Йогуртты жанұя өлшемінде жасау
3 Қою йогуртты жанұя өлшемінде жасау
4 Жаңа ірімшік
5 Сүт десерті
6 Бумен үтіктеу
Бұл бағдарламаларды пайдалану жолы туралы қосымша ақпаратты
төмендегі бөлек бөлімдерден қараңыз.
Жалпы процедура
Келесі қадамдар — барлық алты бағдарламаға қолданылатын жалпы
қадамдар.
1 Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.
, Құрал сигнал береді.
, Қосу/тоқтату түймесінің айналасындағы шам сақинасы жанады және
дисплей «00» мәнін көрсетеді (Cурет 6).
2 Алты бағдарламаның біреуін таңдап, қажетті қадамдарды орындаңыз
(төмендегі түрлі бағдарламаларға арналған бөлімдерді қараңыз).
, Бағдарлама алдын ала орнатылған түйме басылғаннан кейін тікелей
басталады.
Ескертулер:
- Бір уақытта бірнеше бағдарламаны пайдалана алмайсыз.
- Алдын ала орнатылған түймені баспасаңыз, құрал 2 минуттан кейін
күту режиміне өтеді. Бұл орын алса, құралды қайта қосу үшін қосу/
тоқтату түймесін басыңыз.
- Таңдалған бағдарламаның бірінші 3 минутында қосу/тоқтату
түймесін басу арқылы басқа бағдарламаға ауыса аласыз. Одан кейін,
басқа бағдарламаның алдын ала орнатылған түймесін басыңыз.
- 3 минуттан кейін басқа бағдарламаға одан әрі ауыса алмайсыз. Сүт
қыздырылып қойған, сондықтан басқа йогурт жасау бағдарламасын
бастамастан бұрын, құрал мен ингредиенттерді салқындатуыңыз керек.

Содержание

Похожие устройства