Polaris pmg 1707 [13/27] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris pmg 1707 [13/27] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
13
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Еттартқышты тек қана жұмсақ, мұздан ерітілген өнімдерді тарту үшін ғана
пайдаланыңыз: сүйегінен ажыратылған ет пен сүйегінен ажыратылған жеміс-жидектерді.
Ешқашан да сүйек немесе жаңғақ және қабығы аршылмаған шемішке тәрізді басқа да
қатты өнімдерді пайдаланбаңыз. Тамырларды уатудан бұрын шағын бөліктерге кесіп
алып, суда 10 сағаттай ұстап, жібітеді.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз.
Құрал электр желісіне қосылып тұрса, оны ашып бөлшектеуге тиым салынады. Қашанда
құралды тазартудан бұрын желіден ажыратыңыз немесе жұмыс істемей тұрғанда тазартыңыз.
Электр тоғына күйіп қалмас үшін және өрт қаупін тудырмас үшін, құралды суға немесе басқа
да сұйықтарға салмаңыз. Егер бұндай жағдай орын алса, құралды электр желісінен бірден
ажыратып, тексеру үшін Қызмет көрсету орталығына апарып көрсетіңіз.
Электрмен қоректендіру сымының сүйір бұрыштарға немесе ыстық қабаттарға түйіспегеніне
назар аударыңыз.
Қоректендіру сымын тартпаңыз, бұрамаңыз және ештеңеге орамаңыз.
Құралды жылу көздерінің жанында жақын жерлерде қойып пайдаланбаңыз.
Құралдың қозғалып тұрған бөлшектерін ұстамаңыз.
Пышақпен жұмыс істегенде абай болыңыз – ол өте өткір.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
Іске қосылып тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Құралды тасымалдағанда оны екі қолмен ұстау керек. Алынбалы науадан немесе алынбалы
жұмыс блогынан ұстап, құралды тасымалдауға болмайды.
Азық-түліктерді ешқашан қолмен тықпалауға болмайды. Итергішті пайдаланыңыз.
Ет бітеліп тұрып қалмас үшін, оны қатты басып итермеңіз және «Реверс» функциясын
қолданыңыз.
Құралға тағамдарды артық салуға болмайды.
Еттартқышты 10 минуттай ғана үздіксіз пайдалануға болады және моторды суыту үшін 30-
минуттық үзіліс жасау қажет.
Еттартқыш жұмыс істеп тұрғанда сыртқы беттегі желдеткіш саңылауды көлегейлемеңіз және
еттартқышты жұмсақ қабатқа қоюға болмайды.
Егер қозғалтыштың қатты қызып кетуінен қорғайтын қорғаныс жүйесі іске қосылса, әбден
суығанша, құралды қосуға болмайды.
Құрал жұмыс істеп тұрғанда РЕВЕРС функцияны пайдалануға тыйым салынады. Бұл
функцияны қосу үшін алдымен құралдың мотор қозғалтқыштың жұмыс қимылы толық
тоқтатылғанша күтіңіз. Құрал жұмыс істеп тұрғанда РЕВЕРС функцияны қосқан
жағдайда құралдың ішкі жағында қатты шу дыбыстар естілу мүмкін немесе электр
ұшқыны және тербеліс пайда болуы мүмкін.
Бөлшектерді өз бетіңізбен ауыстыруға немесе құралды жөндеуге болмайды. Құралда ақау
пайда болса Қызмет көрсету орталығына көрсетіңіз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін құралды бөлшектеуге кіріспес бұрын, құралдың сөніп тұрғанына,
электр желісінен ажыратылғанына және қозғалтқыштың тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды өнеркәсіптік
мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде
туындаған залал үшін жауапты емес.

Содержание

Скачать