Polaris pgs 1607v [30/40] Пайдалану саласы

Polaris PGS 1607VA Фиолетовый, белый [30/40] Пайдалану саласы
29
Үтіктеу барысында телескоптық тіреу толығымен шығарылуы тиіс, бұл бу түтігінің майысуын
болдырмау және будың еркін түрде шығуы үшін қажет.
Құралдың зақымдалмауы мен будың кеміп қалмауы үшін бу түтігін бар күшпен шығармаңыз.
Құралдың орнын ауыстыру үшін шлангты пайдаланбаңыз.
Егер құралдың сыртқы бөлігінен жұмыс барысында будың шығуы байқалса, бу шлангісінің
қысылмағанына, бүріккіштің тесігі жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Буды шығару тесігінен ағылатын ыстық сумен күйіп қалмау үшін құралды әрбір қолдану
алдында қарап шығыңыз және құралды іске қосу барысында оны өзіңізден алшақ ұстаңыз.
Бумен үтіктеу барысында бу түтігін әркез тік қалпында ұстаңыз. Ыстық судың шышырамауы
үшін көлденең бумен үтіктемеңіз және бумен жібітетін үтіктегішті артқа қарай қисайтпаңыз.
Жұмыс барысында күйіп қалмау үшін құралды арнайы ұстағышынан қолыңызда ұстаңыз,
себебі үтіктегіштің жоғарғы бөлігі жұмыс барысында қызады. Сол себепті бу ағының дененің
ашық бөлігіне қарай беттемеңіз және буды шығару тесігінен кем дегенде 20 см қашықтықта
ұстаңыз.
Буды жіберу шүмегін жаппаңыз және оған бөгде заттар салмаңыз.
Адамның үстіндегі киімді бумен үтіктеуге тыйым салынады.
Желілік сым мен бу түтігін ыстық және өткір заттармен жанасудан сақтаңыз. Желілік сым мен
бу түтігінің оқшаулауын зақымдамаңыз.
Құралды жазық, ылғалды өткізбейтін қабатта тігінен орнатыңыз, оны көлденең орналастырып,
кері қаратуға болмайды.
Жинаққа кіретін қондырмаларды ғана қолданыңыз.
Жинаққа кірмейтін аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдік қызмет көрсетуден айырады.
Бу түтігі орнатылмаған құралды пайдаланбаңыз.
Құралда су жоқ болса оны іске қоспаңыз. Сауыттағы судың мөлшері азайғанда тез арада
құралды сөндіріңіз.
Бу ағынын адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, сондай-ақ жиһазға, электр құрылдарға,
кітаптарға, ыстық бу мен ылғал әсерінен зақымдалатын кез келген заттарға бағыттауға тыйым
салынады.
Құралды бөлшектеу мен қызмет көрсету алдында құралдың толық салқындауын күту қажет
(құралды сөндіргеннен кейін кем дегенде 5 минут), әйтпесе, ыстық сумен күйіп қалу қауіпі
бар. Алынбалы құрылғылар құрғақ және салқын болуы тиіс.
Құралда пайдалану үшін суға арналған сауытқа тұрмыстық сүзгіден қосымша тазалықтан
өткен (минералсызданған) тек таза суды құйыңыз. Газдалған су, әтір қоспалары мен крахмал
ерітіндісін пайдаланбаңыз.
Пайдалану саласы
Құрал бұл нұсқаулыққа сәйкес тек үйде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған. Құралды
өнеркәсіпте қолдануға болмайды.
Өндіруші құралды дұрыс қолданбау немесе бұл нұсқаулықта қарастырылмаған қолдану
нәтижесінде пайда болған зақым үшін жауапкершілік тартпайды.
Бумен жібітетін үтіктегіш кез келген мата түрін, киімдегі бүрмелерді үтіктеуге арналған.
Құралды белгілі бір матаның түріне немесе киімге қолдануға күмәндансаңыз, киімдегі жазба
белгілерді басшылыққа алыңыз. Егер бұндай ақпарат болмаса, матаны теріс жағынан үтіктеп
көріңіз.
Жібек, барқыт секілді маталарды үтіктеу барысында құралды белгілі бір қашықтықта ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства