Polaris pсh 1096 [14/20] Polaris

Polaris pсh 1096 [14/20] Polaris
14
Конвекциялық жылытқыш
POLARIS
Моделдері: PCH 1096, PCH 1597, PCH 2098
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және
орама материалымен бірге сақтаңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар ................................................................................................14
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар ..................................................................15
Құралдың сипаттамасы ..........................................................................................................................16
Жылытқышты құрастыру және орнату .................................................................................................16
Құралды пайдалану .................................................................................................................................17
Қорғаныс функциялары ..........................................................................................................................18
Ақаулықтар және оларды жою тәсілдері ..............................................................................................18
Тазарту және күтім ..................................................................................................................................18
Техникалық сипаттамалары ....................................................................................................................19
Сертификаттау туралы ақпарат ..............................................................................................................19
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланады.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы
болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғаныс ретінде сөндіру құрылғысын СҚ) орнату қажет. Кеңесті
білікті маманнан алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның өшіріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан күн сәулесінің тікелей
түсуінен, ылғалдықтан (ешқашан құралды суға батырып салмаңыз), сонымен қатар, сүйiр
бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал
дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазарту алдында немесе ақау анықталған жағдайда құралды
әрқашан желіден ажыратыңыз.

Похожие устройства

Скачать