Samsung ww 60j5213 hsdlp [98/104] Ақпарат кодтары

Samsung ww 60j5213hw [98/104] Ақпарат кодтары
46 Казақ
Ақаулықты түзету
Ақаулықты түзету
Ақпарат кодтары
Егер кір жуғыш машина жұмыс істемей қалса, экранда ақпарат коды пайда болуы мүмкін.
Төмендегі кестеге қарап, ұсыныстарды орындап көріңіз.
Код Әрекет
4C
Су құйылмай тұр.
Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
Су түтіктерінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су шүмектерінің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
Кір жуғыш машинаның жеткілікті су қысымымен жұмыс істеп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Суық судың шүмегі мен ыстық су шүмегінің дұрыс қосылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тор сүзгіні тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.
4C2
Суық су құятын түтіктің суық судың шүмегіне мықтап
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер ыстық судың шүмегіне қосылса, кей циклдарда кір
қыжымдалып қалуы мүмкін.
5C
Су төгілмей тұр.
Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктің қосылым түріне қарай дұрыс төселіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қоқыс сүзгісін тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.
Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, тұтынушыға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
dC
Кір жуғыш машинаны есігі ашық тұрғанда іске пайдалану.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Кірлердің есікке қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.
OC
Су тасып төгілді.
Айналып болғаннан кейін қайта бастаңыз.
Дисплейде ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, жергілікті
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
LC, LC1
Су төгетін түтікті тексеріңіз.
Су төгетін түтік ұшының еденде жатқанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, тұтынушыға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
WW5000J(SERK)-03578B-01_KZ (CIS).indd 46 2015-04-24  5:08:29

Содержание

Скачать